Оқиға

Ақтөбе облысында ірі жол апаты болды – екі адам қаза тапты

© Photo : Pixabay / diegoparraПолиция көлігі
Полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Жазылу
ВАЗ-дың 44 жастағы жүргізушісі және бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында ірі жол апатында екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін полицияға Хромау қаласынан 75 шақырым шалғай жерде екі көліктің соқтығысқаны туралы ақпарат түскен.
Nissan Teana-ның 24 жастағы жүргізушісі Аққұдық аулына жақындағанда жолдың қарсы бетіне шығып кетті. Оның алдынан ВАЗ-2115 маркалы көлік шыққан. Екеуі бетпе-бет соқтығысты.
ВАЗ-дың 44 жастағы жүргізушісі және бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Салонда болған тағы үш жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Nissan жүргізушісі де жарақат алды.
Қазіргі кезде полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабы (өлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тергеу шараларын бастады.
Осы бапта бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0