Өңірлер

Жаңбыр, шаңды дауыл: 27 мамырда ауа райы қандай болады

© Sputnik / Владислав Водневжауын
жауын - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
Елдің басым тұрақсыз ауа райы сақталады
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазгидромет 27 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, ел аумағы бойынша фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің оңтүстігінде – шаңды дауыл соғады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында найзағай, бұршақ, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында – шаңды дауыл, солтүстікте, батыста және таулы аудандарда – 15-25 м/с жел соғады, оңтүстікте, солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыс орталығында шаңды дауыл соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады, солтүстікте, батыста, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Қостанай облысында – 15-20 м/с жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде – найзағай ойнайды, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының солтүстігінде – найзағай ойнайды. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл, жел 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қарағанды ​​облысының орталығында, оңтүстігінде – найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігі мен шығысында – 15-20 м/с жел соғады. Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында күндіз найзағай ойнайды, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Павлодар облысының басым бөлігінде, Қарағанды ​​облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі.
Шығыс Қазақстанның облысының Жарма ауданында, Қызылорда, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтар
0