https://sputnik.kz/20220526/toqaev-reformalar-zhayly-aldymyzda-uzaq-zhol-bar-25096290.html
Тоқаев реформалар жайлы: алдымызда ұзақ жол бар
Тоқаев реформалар жайлы: алдымызда ұзақ жол бар
Sputnik Қазақстан
Президенттің айтуынша, Жаңа Қазақстан – бұл шын мәніндегі демократиялық қоғам 26.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-26T14:13+0500
2022-05-26T14:13+0500
2022-05-26T14:13+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25096264_0:0:3129:1760_1920x0_80_0_0_452f9a2a41bcff62e3081f0b1ff1db46.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстанның президенттері шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда Қазақстанда өтетін конституцияға өзгерістер енгізуге арналған жалпыхалықтық референдумды өте маңызды әрі тарихи іс-шара ретінде бағалап, қазақ халқы өз тарихындағы шешуші кезеңге келгенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Ақорда."Жаңа Қазақстан, яғни екінші республика – бұл шын мәніндегі демократиялық қоғам деген сөз. Президенттік жүйе сақталғанымен, парламенттің рөлі және ықпалы едәуір күшейтіледі. Халқымыздың үні және пікірі анық естілетін болады. Мен президент ретінде осы құқықтық реформадан ешқандай артықшылыққа я жеңілдікке ие болмаймын. Мақсатым – бүкіл қоғамда оң өзгерістер жасау, халқымызға жарқын болашақтың жолын ашып беру", – деді мемлекет басшысы.Тоқаев бұл реформамен демократияландыру үрдісі аяқталмайтынын, алдымызда ұзақ жол бар екенін еске салды.Президенттің айтуынша, жаңа реформалар жалғаса береді, бүкіл қоғамымыздың жүйесі жаңартылады.Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Бішкекке барды.
https://sputnik.kz/20220526/toqaev-qyrgyzstan-qazaqstan-en-zhaqyn-el-25088715.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25096264_257:0:2988:2048_1920x0_80_0_0_748a3e19c4b5f58926c534da7a735e63.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев реформалар жайлы: алдымызда ұзақ жол бар
Президенттің айтуынша, Жаңа Қазақстан – бұл шын мәніндегі демократиялық қоғам
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстанның президенттері шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда Қазақстанда өтетін конституцияға өзгерістер енгізуге арналған жалпыхалықтық референдумды өте маңызды әрі тарихи іс-шара ретінде бағалап, қазақ халқы өз тарихындағы шешуші кезеңге келгенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды
Ақорда."Жаңа Қазақстан, яғни екінші республика – бұл шын мәніндегі демократиялық қоғам деген сөз. Президенттік жүйе сақталғанымен, парламенттің рөлі және ықпалы едәуір күшейтіледі. Халқымыздың үні және пікірі анық естілетін болады. Мен президент ретінде осы құқықтық реформадан ешқандай артықшылыққа я жеңілдікке ие болмаймын. Мақсатым – бүкіл қоғамда оң өзгерістер жасау, халқымызға жарқын болашақтың жолын ашып беру", – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев бұл реформамен демократияландыру үрдісі аяқталмайтынын, алдымызда ұзақ жол бар екенін еске салды.
Президенттің айтуынша, жаңа реформалар жалғаса береді, бүкіл қоғамымыздың жүйесі жаңартылады.
Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Бішкекке барды.