https://sputnik.kz/20220526/taksi-zhurgizushiler-zeynetaqy-ministr-25091890.html
Такси жүргізушілер зейнетақымен қалай қамтылады – министр жауап берді
Такси жүргізушілер зейнетақымен қалай қамтылады – министр жауап берді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова такси жүргізушілерін зейнетақымен қамту мәселесі қалай... 26.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-26T12:31+0500
2022-05-26T12:31+0500
2023-08-11T11:40+0500
такси
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/1317/29/13172927_0:321:3067:2046_1920x0_80_0_0_5742035844b4da92061cbe1a0448cdc2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова такси жүргізушілерін зейнетақымен қамту мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі кезде министрлік такси қызметін ұсынатын операторлармен келіссөзжүргізуді бастады. Жүргізушілер зейнетақы жарнасын аудара бастайды деп жоспарлап отырмыз.Министрдің айтуынша, келіссөз нәтижесі бойынша барлық ақпарат жарияланады. Үкімет осы мәселені шешуге мүдделі."Себебі такси жүргізуші кез келген уақытта жұмыссыз қалуы мүмкін. Ал оған жұмыссыз қалғаны үшін жәрдемақыны кім төлейді? Техниканың аты техника ғой, жолда жүреді. Ал апатқа ұшырап, мүмкіндігі шектеулі азамат болып қалса, оған әлеуметтік сақтандыру қорынан бір тиын төленбейді ғой. Сондықтан оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін операторлармен шешуіміз керек", - деп атап өтті Дүйсенова.
https://sputnik.kz/20220526/tamara-duysenova-zeynetaqy-25085791.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1317/29/13172927_163:0:2892:2047_1920x0_80_0_0_d7e7fd7c25de3cc348d2ef89fbcba3da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси, зейнетақы
Такси жүргізушілер зейнетақымен қалай қамтылады – министр жауап берді
12:31 26.05.2022 (жаңартылды: 11:40 11.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова такси жүргізушілерін зейнетақымен қамту мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде министрлік такси қызметін ұсынатын операторлармен келіссөзжүргізуді бастады. Жүргізушілер зейнетақы жарнасын аудара бастайды деп жоспарлап отырмыз.
"Мысалы, Ресей пилоттық жобаны бастады. Ол жақта такси платформасының операторлары, соның ішінде Яндекс.Такси өз жұмысшылары үшін әлеуметтік аударымдаржасай бастады. Ол ақша такси жүргізушілердің операторға төлеген қаржысының есебінен аударылады. Сосын Кореяда тура сондай бағдарлама іске асып жатыр. Қытайда бар, Еуропа бастады. Біз операторлармен кездесіп, осы мәселені талқылауға кірістік", - деді Дүйсенова журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, келіссөз нәтижесі бойынша барлық ақпарат жарияланады. Үкімет осы мәселені шешуге мүдделі.
"Себебі такси жүргізуші кез келген уақытта жұмыссыз қалуы мүмкін. Ал оған жұмыссыз қалғаны үшін жәрдемақыны кім төлейді? Техниканың аты техника ғой, жолда жүреді. Ал апатқа ұшырап, мүмкіндігі шектеулі азамат болып қалса, оған әлеуметтік сақтандыру қорынан бір тиын төленбейді ғой. Сондықтан оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін операторлармен шешуіміз керек", - деп атап өтті Дүйсенова.