Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қытайда Ресейге қарсы санкциялардың салдары туралы айтылды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАтом электр станциясы
Атом электр станциясы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Еуроодақ елдері энергетикалық дағдарыстан зардап шегіп жатыр, ал халық пен кәсіпорындар дүрбелеңге бой алдырды. Сондай-ақ Еуропа Ресейдің энергетика ресурстарынан бас тарту одан да көп зиян келтіретінін мойындап отыр, деп жазды қытайдың "Синьхуа" агенттігі.
Басылымның мәліметінше, батыстың Ресейге қарсы кең ауқымды санкциялары энергетикаға, азық-түлік пен қоғамға, сондай-ақ Еуропа экономикасына елеулі кері әсерін тигізген. Шектеулер энергиямен қамтамасыз ету және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы шиеленісті күшейтіп, еуропалықтарға салмақ салып отыр.
Сонымен бірге АҚШ қақтығыс пен шектеудің бастамашысы ретінде өртті арғы беттегі жағадан бақылап, одан пайда көруде, делінген материалда.
"Еуропа қоғамы энергетикалық дағдарысқа батып барады, бизнес пен халық дүрбелеңге салынды... Еуроодақтағы жағдай күннен-күнге нашарлауда және биліктің жауап шаралары бұл мәселені мүлде шеше алмай отыр, бұл жағдай АҚШ үкіметі мен энергетикалық компанияларға ғана пайда келтіруде", - деп атап өтті агенттік.
Жаңалықтар
0