Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

© Photo : пресс-служба правительства КыргызстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
Қазақстан қырғыз тарапының өтініші бойынша әскери техниканы бір реттік жеткізу туралы келісімді ратификациялады
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Парламент сенатының депутаттары Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету туралы заң жобасын қабылдады.
Бейсенбі, 26 мамырда сенатта мәжілісте мақұлданған "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті арасындағы Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды.
Келісімге 2021 жылдың 7 желтоқсанында қол қойылған және көлемі дипломатиялық арналар арқылы келісілген қырғыз тарапына әскери мүлікті бір реттік жолдауды қарастырады.
"Қазақстандық тарап әскери мүлікті Қырғыз Республикасының елді мекеніне автомобиль көлігімен жеткізу шығындарын қамтамасыз етеді және өз мойнына алады. Қырғыз тарапы алынған әскери мүлікті тек қауіпсіздік мақсатында пайдаланады, үшінші тарапқа бермейді, ТМД елдеріне қарсы қолданбайды", - деді Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов.
Ол Орталық Азия аймағында қалыптасқан күрделі қауіпсіздік жағдайында, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікке қатысты сын-қатер ұлғаюына байланысты әскери-техникалық көмек көрсету Қырғыз Республикасы Қарулы күштерінің осы қауіп-қатерлерге тойтарыс беру және қауіпсіздікті нығайту әлеуетін күшейтетінін атап өтті. Ратификациялау бюджеттен қосымша қаражат бөлуді қажет етпейді.
"Жөнелтілетін әскерии техника тізімі анықталды және дипломатиялық арналар арқылы келісілді. Оның ішінде қару-жарақ пен оқ-дәрі де бар. Сонымен қатар әскери дайындық пен кадр мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Қырғызстандағы 300 мыңнан астам әскери қызметші Қазақстанда даярлықтан өтіп, басқа да іс-шаралар өткізілді", - деді министрдің орынбасары.
Еске салсақ, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ның бірінші экономикалық форумына қатысу үшін Бішкекке барды.
Жаңалықтар
0