Өңірлер

Павлодарда мұнай-газ жабдығын шығаратын зауыт ашылды

Павлодарда мұнай-газ жабдығын шығаратын зауыт ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
НовостиTelegram
Өндірістік алаңды құру мен дамытуға 246 млн теңгеден астам қаржы инвестицияланды
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр — Sputnik. Павлодарда "КазПромБезопасность ПВ" ЖШС мұнай-газ жабдықтарын шығаратын кәсіпорын іске қосылды.
Бұл жоба индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Өндіріс алаңында жылу алмастырғыштар, конденсаторлар, ауаны салқындату аппараттары, криогендік жабдықтар, құбыр бөлшектерінің көптеген түрі, металл конструкцияларының бірнеше түрі шығарылады.
Өндірілетін өнім желісін кеңейту жоспарланып отыр. Зауытта жоғары сапалы өнім дайындау кезінде стандарттардың барлық талабына жауап беретін заманауи жабдық орнатылған.
Қазір кәсіпорында 40 қосымша жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын штаты 150 адамға дейін жетеді деген жоспар бар.
Солтүстік Қазақстан облысында кірпіш зауыты іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Өңірлер
Солтүстік Қазақстан облысында кірпіш зауыты іске қосылды
Жаңалықтар
0