Өскеменде 4 жасар бала жекеменшік балабақшадан өзі кетіп қалған

© Photo : Arek SochaБала, архивтегі фото
Бала, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
Ата-аналар қала билігінен балабақшаны тексеруді талап етуде, олардың айтуынша, бүлдіршіндердің өз бетінше кетіп қалуы алғаш рет емес
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Өскемен қалалық білім бөлімінің қызметкерлері "Алтын бесік" жекеменшік балабақшасына баратын балалардың ата-аналарының әлеуметтік желідегі шағымына жауап берді. 4 жасар бүлдіршін өз бетінше үйіне кетіп қалғаннан кейін мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшысы мен тәрбиешісі жауапқа тартылды.
Ата-аналарды ашуландырған оқиға бір күн бұрын, 25 мамырда Өскемендегі "Алтын бесік" балабақшасында болған, деп хабарлайды ustinka.kz.
Төрт жасар бала ұйықтайтын уақытта топтан шығып, үйіне қайтып кеткен.
"Бәрінен де не "102-ге", не маған қоңырау шалмағаны қатты ашуландырды. Оқиғадан бір сағат өткен соң өзіміз бақшаға барып, полиция шақырдық. Басшылық пен тәрбиешілердің жазаланғанын қалаймын", - деп жазды ата-ана.
Әлеуметтік желіде жарияланған жазба қызу талқыға түсті. Пікір білдірушілердің айтуынша, мұндай жағдайлар бұл балабақшада бұрын да болған.
"23-і күні де солай болды. Баламды көшеде жалғыз жүрген жерінен алып кеттім. "Қайда бара жатырсың?" деп сұрасам, "тәрбиешіні іздеп жүрмін" дейді. Мұндай жағдай қайталанбасын деп ескертіп кеттім, міне, екі күннен кейін сол "Алтын бесік" балабақшасыәңгіме болып отыр", – деп жазды ата-аналардың бірі.
Басқа пікір білдірушілер осыған ұқсас оқиғалардың жиілегенін ескере отырып, мектепке дейінгі білім беру мекемесін құзырлы органдар тексеруі керек деп есептейді.
Өскемен қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, бұл жолы бала кетіп қалған топтың тәрбиешісі жұмыстан босатылып, директордан түсініктеме алынған.
Жаңалықтар
0