Нұр-Сұлтанда Арно Бабаджанянның 100 жылдығына арналған концерт өтті

© Photo"Казмедиа Холл" концерт залында "Махаббат ғасыры" концерті өтті
Казмедиа Холл концерт залында Махаббат ғасыры концерті өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
Іс-шара кеңестік композитор Арно Бабаджанянның 100 жылдығына және Қазақстан мен Ресей, Армения мен Қазақстан, Ресей мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына арналды
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Елорданың "Казмедиа Холл" концерт залында #БольшеЧем30 халықаралық тарихи-танымдық жобасы аясында "Махаббат ғасыры" концерті өтті.
Концертке қазақтың көрнекті дәрігері және әншісі Серік Тоқпанов, "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрі, сондай-ақ Арно Бабаджанянды еске алу қорының солистері Сурен Платонов, Эльгиза Қаражанова, Татьяна Ким және тағы басқалар қатысты.
© Photo"Казмедиа Холл" концерт залында "Махаббат ғасыры" концерті өтті
Казмедиа Холл концерт залында Махаббат ғасыры концерті өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
"Казмедиа Холл" концерт залында "Махаббат ғасыры" концерті өтті
Бағдарламада ұрпақтан ұрпаққа жеткен және көптеген адамның жанына жақын шығармалар орындалды.
Бұл дипломатиялық қарым-қатынастың мерейтойлық жылы аясында Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі өткізіп жатқан көптеген іс-шараның бірі.
Жаңалықтар
0