Киссинджер мен Сорос Ресейге қатысты пікір білдірді

© AFP 2024 / JOHN MACDOUGALLГенри Киссинджер
Генри Киссинджер - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
Ертең 99 жасқа толатын Генри Киссинджер мен 91 жастағы Джордж Соростың пікірі батыс әлемінде үлкен маңызға ие екені белгілі. Қазір Батыс бүкіл назарын Ресейге аударып отырғандықтан, олардың орыс саясатына қатысты ойларын білуге тырысқандар көп. Давоста өткен форумда аталған екі тұлға да Ресей туралы пікір білдірді, деп жазды РИА Новости.
Олар өз ойларында атлантиккалық элитаның негізгі екі әдісін атап көрсетті. Бұл әдістер екі түрлі болғанымен, оларға ортақ бір сипат бар.
"Басып кіру – үшінші дүнежүзілік соғыстың бастауы болуы мүмкін. Ал біздің өркениет одан аман шықпайды. Сондықтан, өркениетті аман сақтаудың жалғыз жолы – мейлінше жылдамырақ Путинді жеңу", - деді Сорос.
Яғни, Путин басқаруындағы Ресей гитлерлік Германия секілді батыс өркениетіне төнген қауіп ретінде сипатталып тұр. Сондықтан оны кез келген әдіспен жеңу ұсынылады. Соростың айтуынша, "адамзат баласы қолда бар барлық ресурсты соғыста жеңуге жұмсау керек". Ол "оқ атуды тоқтату мүмкін емес, себебі Путинге сенуге болмайтынын" мәлімдеді.
Сорос радикалды ұстанымдағы англосаксон элитасыныңң ойын қайталап тұр және әзірше бұл ұстанымға еуропалық элитаның басым бөлігін сендіріп отыр. Еуропалықтар өздері Ресейге қарсы англосаксондардың соғысында кепілге айналғанын қазір жақсы түсініп отыр. Сондықтан олар жеңіліс тапқанды қаламайды. Генри Киссинджер осы еуропалықтар мен англосаксондар арасындағы реалистердің ойын жеткізді.
"Ресей 400 жылдан бері Еуропаның ауқымды бір бөлігін құрап келеді. Осы уақыт ішінде негізінен еуропалық саясатқа оның Ресей рөлін бағалау ықпал етті. Кейде бақылаушы ретінде, бірақ көбіне еуропалық теңгерімді қалпына келтіруге болатын кепіл немесе құрал ретінде қарастырылды. Қазіргі саясат осы рөлді қайта жаңғырту қажет екенін, Ресейді Қытаймен тұрақты одақтастыққа итермелеу керек емес екенін түсінуі керек", - деді Киссинджер.
Сондықтан Киссинджер Қырым мен Донбастан кейін 2014 жылы өзі жариялаған идеяны қайта қарастыруды ұсынды. Ол "Украинаны Ресей мен Еуропа арасындағы көпір, бейтарап мемлекет ретінде құру қажеттілігін" айтып, мұны тап қазір жүзеге асыру мүмкін болмағанымен, ең ақырғы мақсат ретінде белгілеуге болатынын атап өтті.
"Бейбітшілік туралы келіссөзді алдағы екі айдың ішінде бастау керек. Сонда соғыс қорытындысы шығарылады. Мұның барлығын Ресей, Грузия және Украинаның Еуропамен ықтимал қарым-қатынасындағы шиеленіс ушыққанға дейін орындау қажет. Негізінен, арадағы сызық бұрынғы кво-мәртебені қатаруы тиіс. Батыстың Польша аумағынан тыс соғысқа араласуы НАТО-ның күш жұмылдыруына түрткі болған Украинаның еркіндігі үшін емес, Ресейге қарсы соғысқа айналады", - деді Киссинджер.
Автор жазғандай, Киссинджер Ресейдің Еуропа саясатындағы 400 жылдық рөліне баса мән беріп, келіссөз жүргізу арқылы бейбітшілікке қол жеткізуді ұсынып отыр. Себебі ол әлем тәртібінде Батыстың негізгі рөлі сақталуын көздейді. Сорос Путин мен Сиді одақтастар деп атаса, Киссинжер Қытай мен Ресей одақтас болатындай жоғары ынтымақтастық орнатпағанына әлі де сеніп отыр. Оның пікірінше, бұл екі мемлекеттің берік ынтымақтастығы Батыстың өзіне кері әсер етеді.
© AFP 2024 / FABRICE COFFRINI Джордж Сорос
 Джордж Сорос - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Джордж Сорос
Ресейді Қытайдан ажырату мүмкін емес. Себебі бұл ынтымақтастық Мәскеу мен Бейжіңнің саналы стратегиялық таңдауы болып отыр. Сонымен қатар, бұл таңдау дәл осы батысқа қарсы тұру үшін жасалып отырған қадам екенін де ұмытпау керек. Дегенмен Ресей мен Еуропа қарым-қатынасы толық ажырамауына қол жеткізуге болады.
Бірақ Киссинджер жоспарын да англосаксондар үшін сәтті деп санауға болмайды. Себебі ол да Сорос секілді Ресейді жете бағаламай отыр және орыстардың мақсатын ұғынбай отыр.
"Бейтарап Украина Батыс пен Ресей арасындағы ымыра нысаны бола алмайды. Бұл туралы 2022 жылдың 24 ақпанына дейін емес, 2014 жылдың ақпанына дейін, Янукович биліктен қуылып, Еуромайданда жеңіске жеткенге дейін айтылуы қажетеді. Бірақ Киссинджер мұны он-он бес жыл бұрын ұсынған. Әйткенмен, ол кезде Батыстағылардың көбі Украинаны өз меншігі деп санады", - деп жазды мақала авторы.
Жаңалықтар
0