https://sputnik.kz/20220526/eks-ministr-birtanov-basty-sot-otyrysyna-keldi--video-25084686.html
Экс-министр Біртанов басты сот отырысына келді – видео
Экс-министр Біртанов басты сот отырысына келді – видео
Sputnik Қазақстан
Біртанов журналистерге сот отырысына жүз пайыз дайын екенін айтты 26.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-26T09:48+0500
2022-05-26T09:48+0500
2022-05-26T09:48+0500
қоғам
елжан біртанов
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25082965_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_bf8ac9c26a844b69597f6233d0aed436.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Бүгін астанада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевтің ісіне қатысты басты сот отырысы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тергеу шамамен екі жылға созылды. Бұған дейін санкциялық соттар өтіп, Біртановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылып келді. Бұл жолы судья сотталушылардың кінәлі немесе кінәсіздігі туралы үкім шығарады.Елжан Біртанов сот басталғанға дейін журналистерге сұхбат беруден бас тартты, соттың аяқталғанын күтуді өтінді.Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев бұл оның өміріндегі алғашқы сот процесі екенін, сол себепті қандай да бір болжам жасай алмайтынын мәлімдеді.Еске салсақ, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылы қазан айында ұсталды. Оның үстінен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап етті деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Алайда кейін оның ісі "лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану" болып өзгертілді.
https://sputnik.kz/20220125/Eks-ministr-Birtanov-zhazba-19215561.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25082965_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_db13ae0685187f6cd07be43bc19edc13.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елжан біртанов
Экс-министр Біртанов басты сот отырысына келді – видео
Біртанов журналистерге сот отырысына жүз пайыз дайын екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Бүгін астанада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевтің ісіне қатысты басты сот отырысы өтеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Тергеу шамамен екі жылға созылды. Бұған дейін санкциялық соттар өтіп, Біртановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылып келді. Бұл жолы судья сотталушылардың кінәлі немесе кінәсіздігі туралы үкім шығарады.
Елжан Біртанов сот басталғанға дейін журналистерге сұхбат беруден бас тартты, соттың аяқталғанын күтуді өтінді.
"Көңіл-күйім жақсы, бірақ адвокаттарым отырыс аяқталғанға дейін сұхбат бермеуімді өтінді. Сол себепті ештеңе айта алмаймын. Соңына дейін күресеміз, бәрін отырыста естисіздер. Сот аяқталған соң, алдарыңызға шығамыз. Дайындығымыз – жүз пайыз", - деді Біртанов журналистерге.
Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев бұл оның өміріндегі алғашқы сот процесі екенін, сол себепті қандай да бір болжам жасай алмайтынын мәлімдеді.
Еске салсақ, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылы қазан айында ұсталды. Оның үстінен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап етті деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Алайда кейін оның ісі "лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану" болып өзгертілді.