https://sputnik.kz/20220526/avtokredit-salon-kolik-kezek-25103927.html
4 проценттік автокредит: салондағы көлік кезекпен қалай таратылады
4 проценттік автокредит: салондағы көлік кезекпен қалай таратылады
Sputnik Қазақстан
Салон қызметкерлері кезекке тұрған адамдарға хабар беру тәртібін түсіндірді 26.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-26T19:00+0500
2022-05-26T19:00+0500
2022-05-26T19:00+0500
қоғам
автокөлік
кредит
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838028_0:0:3631:2043_1920x0_80_0_0_fc9fcb7c02ab5b7c143d5a15e86b4eff.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасы басталғалы бері он күн өтті. Содан бері автосалондарға мыңдаған адам барып, кезекке тұрды. Енді, бәрі менеджерлердің қоңырау шалғанын күтіп отыр. Көлігін рәсімдегендер де бар. Алайда барлығына көлік беріп жатыр деп айту қиын. Sputnik Қазақстан тілшісі салондарға көлік алғысы келетін адам болып барып, кезекпен автокредит беру тәртібін зерделеп шықты.Кезек бірнеше компьютерде жасалады Ресми мәліметке сәйкес, автокредитке сатылатын көліктердің ішінде Chevrolet маркасы бірінші орында тұр. Дәл осы көлікті сататын салонда алғашқы күні адам көп болды. Қазір ұзынсонар кезек жоқ. Бірақ кеңес алу үшін біршама уақыт күту керек. Салон қызметкерлері автокредит алғысы келетін адамның жеке мәліметтерін жазып алып, кезекке қояды. Көліктің моделін де көрсетеді. Қазіргі кезде Chevrolet Cobalt-тың толық жиынтығы 6,5 миллион теңге тұрады. Ал Chevrolet Nexia - 5,9 миллион теңге. Көлік бағалары бір-екі күн өзгермейді. Бірақ бір-екі айдан кейін ауыстыруы мүмкін. Дәл осы модельге тапсырыс бергендерге одан да көп уақыт күтуге тура келетін сияқты. "Қазір Cobalt пен Nexia-ның механикасы бар. Біз кезекке тұрған адамдарға SMS-хабарлама жібердік. Мәселен, автомат алғысы келгендер таңдауын өзгертіп, механикасын алуы мүмкін. Ондайда көлікті тезірек рәсімдеуге мүмкіндік бар. Себебі "механикалар" бар, ал автоматты күту керек", - деп атап көрсетті мамандар. Осы орайда салон қызметкерлері кезекке тұрған адамдарға хабар беру тәртібін түсіндірді. "Бізде бірнеше компьютерде кезек жасалады. Ондайда "бір-екі-үш" деп, бәрін бір тізімге жинау мүмкін емес. Біз кезекке тұрған күнге қараймыз. Мысалы, Cobalt пен Nexia-ның автоматы ертең келеді дейік, біз алдымен бірінші күні кезекке тұрған адамдарды шақырып, шот-фактура береміз. Осылайша, 16 мамырда тіркелгендер таусылмайынша 17-іне көшпейміз", - деді олар. Шот-фактураны алғаннан кейін банкке бару керек. Сол жерде адамның төлем қабілеттілігі расталса, кепілхат беріледі. Сосын расталған адамдардың тізімін өнеркәсіпті дамыту қоры тексереді. Оған көп уақыт кетпейді. Қор мамандары құжаттардың сәйкестігін ғана қарайды. Осыдан кейін жаңа көлікке мініп, кете беруге болады.Жазда көліктер көп келеді Автокредитке рәсімделетін көліктердің ішінде Chevrolet-тен кейін Huyndai мен Jac тұр. Төртінші орында – Kia. Осы көлік сатылатын бір ғана салонда 10 мыңнан астам адам кезекке тұрған. Олар да "шот-фактура алып кетіңіз" деген хабарды күтіп отыр. Chevrolet салонында тізімде тұрған адамдардың саны одан да көп. Бірақ бір адам бірнеше салонға кезекке тұрған болуы да мүмкін. Соның нәтижесінде кезек көбейді. Оны Самат есімді қала тұрғыны да растады. Ал банктерге бөлінген ақша біртіндеп "таусылып" келеді. Бұған дейін Еуразиялық банк үш күннің ішінде 9 мың адамнан кейін өтінім қабылдауды тоқтатса, одан кейін Банк ЦентрКредит де лимиттің орындалғанын мәлімдеді. Бүгін ғана Халық банк өтінім қабылдауды тоқтатты. Forte Bank қана қалып отыр. Өнеркәсіпті дамыту қоры қалған қаржыны таратқаннан кейін банктер өтінім қабылдауды қайта бастайды. Ендігі, мәселе – көлікті жеткізу. Автосалон мамандарының айтуынша, жоғары сұранысқа ие модельдерді көбірек күтуге тура келеді. Ал Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілі Ербол Сейпіловтың айтуынша, дилерлік орталықтарға апта сайын көлік жеткізіледі. "Мәселен, Huyndai зауыты алғашқы күндері автосалондарға 1800 көлік жеткізен. Соның бәрін бірден брондап қойған. Маусым айында тағы 2 500-ден астам көлік жеткізіледі. Одан кейін шілде айынан бастап ай сайын 4 500-тен артық Huyndai моделі болады", - деді Сейпілов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Маусым айынан бастап Kia модельдері де көптеп жеткізіледі. Ал автокредит бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлініп отыр. Осы ақша 10-15 мың көлікке ғана жетеді. Қалғаны револьверлік қаржыны, яғни, автокредитті бірінші болып рәсімдеген адамдардың ай сайынғы төлемдерін күтеді. Белгілі бір сомасы жиналғанда қайтадан 4 проценттік автокредит алуға мүмкіндік болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838028_900:0:3631:2048_1920x0_80_0_0_425fcccc626f57c8bc02a1fa8a5c6155.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
автокөлік, кредит
4 проценттік автокредит: салондағы көлік кезекпен қалай таратылады
Салон қызметкерлері кезекке тұрған адамдарға хабар беру тәртібін түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасы басталғалы бері он күн өтті. Содан бері автосалондарға мыңдаған адам барып, кезекке тұрды.
Енді, бәрі менеджерлердің қоңырау шалғанын күтіп отыр. Көлігін рәсімдегендер де бар.
Алайда барлығына көлік беріп жатыр деп айту қиын.
Sputnik Қазақстан тілшісі салондарға көлік алғысы келетін адам болып барып, кезекпен автокредит беру тәртібін зерделеп шықты.
Кезек бірнеше компьютерде жасалады
Ресми мәліметке сәйкес, автокредитке сатылатын көліктердің ішінде Chevrolet маркасы бірінші орында тұр. Дәл осы көлікті сататын салонда алғашқы күні адам көп болды. Қазір ұзынсонар кезек жоқ. Бірақ кеңес алу үшін біршама уақыт күту керек.
Салон қызметкерлері автокредит алғысы келетін адамның жеке мәліметтерін жазып алып, кезекке қояды. Көліктің моделін де көрсетеді.
"Мысалы, қазір көбісі Chevrolet Cobalt алғысы келеді. Толық комлектациясына тапсырыс беріп кетеді. Одан кейін Chevrolet Nexia-ға сұраныс жоғары, оны да автоматпен және толық жиынтығын сұрайды. Сосын Chevrolet Tracker-ге қызығатын адамдар аз емес", - дейді менеджерлер.
Қазіргі кезде Chevrolet Cobalt-тың толық жиынтығы 6,5 миллион теңге тұрады. Ал Chevrolet Nexia - 5,9 миллион теңге. Көлік бағалары бір-екі күн өзгермейді. Бірақ бір-екі айдан кейін ауыстыруы мүмкін. Дәл осы модельге тапсырыс бергендерге одан да көп уақыт күтуге тура келетін сияқты.
"Қазір Cobalt пен Nexia-ның механикасы бар. Біз кезекке тұрған адамдарға SMS-хабарлама жібердік. Мәселен, автомат алғысы келгендер таңдауын өзгертіп, механикасын алуы мүмкін. Ондайда көлікті тезірек рәсімдеуге мүмкіндік бар. Себебі "механикалар" бар, ал автоматты күту керек", - деп атап көрсетті мамандар.
Осы орайда салон қызметкерлері кезекке тұрған адамдарға хабар беру тәртібін түсіндірді.
"Бізде бірнеше компьютерде кезек жасалады. Ондайда "бір-екі-үш" деп, бәрін бір тізімге жинау мүмкін емес. Біз кезекке тұрған күнге қараймыз. Мысалы, Cobalt пен Nexia-ның автоматы ертең келеді дейік, біз алдымен бірінші күні кезекке тұрған адамдарды шақырып, шот-фактура береміз. Осылайша, 16 мамырда тіркелгендер таусылмайынша 17-іне көшпейміз", - деді олар.
Шот-фактураны алғаннан кейін банкке бару керек. Сол жерде адамның төлем қабілеттілігі расталса, кепілхат беріледі. Сосын расталған адамдардың тізімін өнеркәсіпті дамыту қоры тексереді. Оған көп уақыт кетпейді. Қор мамандары құжаттардың сәйкестігін ғана қарайды. Осыдан кейін жаңа көлікке мініп, кете беруге болады.
Жазда көліктер көп келеді
Автокредитке рәсімделетін көліктердің ішінде Chevrolet-тен кейін Huyndai мен Jac тұр. Төртінші орында – Kia. Осы көлік сатылатын бір ғана салонда 10 мыңнан астам адам кезекке тұрған. Олар да "шот-фактура алып кетіңіз" деген хабарды күтіп отыр. Chevrolet салонында тізімде тұрған адамдардың саны одан да көп. Бірақ бір адам бірнеше салонға кезекке тұрған болуы да мүмкін.
Соның нәтижесінде кезек көбейді. Оны Самат есімді қала тұрғыны да растады.
"Мен бас кезінде Chevrolet-ке қана тапсырыс беруді ойладым. Одан кейін кезегім келмей қала ма деп, тағы бірнеше салонға өтінім беріп кеттім. Қазір бірнеше салонда кезекте тұрмын. Біреуі болса да, қоңырау шалып, шақырады деп ойлаймын. Арасында өзім де келіп, қашан шақыратындарын сұрап кетемін", - дейді ол.
Ал банктерге бөлінген ақша біртіндеп "таусылып" келеді. Бұған дейін Еуразиялық банк үш күннің ішінде 9 мың адамнан кейін өтінім қабылдауды тоқтатса, одан кейін Банк ЦентрКредит де лимиттің орындалғанын мәлімдеді. Бүгін ғана Халық банк өтінім қабылдауды тоқтатты.
Forte Bank қана қалып отыр. Өнеркәсіпті дамыту қоры қалған қаржыны таратқаннан кейін банктер өтінім қабылдауды қайта бастайды.
Ендігі, мәселе – көлікті жеткізу. Автосалон мамандарының айтуынша, жоғары сұранысқа ие модельдерді көбірек күтуге тура келеді.
Ал Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілі Ербол Сейпіловтың айтуынша, дилерлік орталықтарға апта сайын көлік жеткізіледі.
"Мәселен, Huyndai зауыты алғашқы күндері автосалондарға 1800 көлік жеткізен. Соның бәрін бірден брондап қойған. Маусым айында тағы 2 500-ден астам көлік жеткізіледі. Одан кейін шілде айынан бастап ай сайын 4 500-тен артық Huyndai моделі болады", - деді Сейпілов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Маусым айынан бастап Kia модельдері де көптеп жеткізіледі. Ал автокредит бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлініп отыр. Осы ақша 10-15 мың көлікке ғана жетеді.
Қалғаны револьверлік қаржыны, яғни, автокредитті бірінші болып рәсімдеген адамдардың ай сайынғы төлемдерін күтеді. Белгілі бір сомасы жиналғанда қайтадан 4 проценттік автокредит алуға мүмкіндік болады.