Өңірлер

Ақтау тұрғынының асқазанынан арматура табылды

© Sputnik / Дәурен ЕрболатОта жасау
Ота жасау - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2022
Жазылу
Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері науқастың асқазанынандағы бөтен заттарды алып тастады
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Ақтаудың 29 жастағы тұрғыны асқазанындағы ауырсынуға шағымданып, дәрігер көмегіне жүгінген. Мамандар қарын қуысының рентгенографиясы арқылы оның асқазанынан ұзындығы 18, 16 және 15 сантиметр болатын бөгде заттарды анықтаған.
Белгілі болғандай, ер адамның асқазанында ұзындығы 5-6 сантиметр арматура және алюминий қасықтың бөлігі табылған, деп жазды InAktau.
Медицина мамандары шағын инвазивті эндоскопиялық ота жасады.
"Видеоэзофагогастродуоденоскопияның көмегімен ағзадағы бөтен заттар алынды. Бұл түрлі ұзындықтағы арматура, сондай-ақ алюминий қасықтың бөлігі екені анықталды. Ота жарты сағатқа созылып, сәтті өтті", - деді эндоскопшы дәрігер Бауыржан Танауов.
Науқастың жағдайы тұрақтанған соң, амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберді.
7 жастағы қыздың асқазанынан табылған магнит - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Денсаулық
Нұр-Сұлтанда жеті жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит шықты
Жаңалықтар
0