https://sputnik.kz/20220526/alayaqtar-stepnogorsk-pater-25079829.html
Алаяқтар Степногорск тұрғынын кредит алып, пәтерін сатуға көндірген
Алаяқтар Степногорск тұрғынын кредит алып, пәтерін сатуға көндірген
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Банк қызметкеріміз деп сенімге кірген алаяқтар Степногорск қаласының тұрғынын бірнеше кредит алып, баспанасын сатуға көндірген. 26.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-26T08:01+0500
2022-05-26T08:01+0500
2022-05-26T08:03+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/618/93/6189309_0:67:2016:1201_1920x0_80_0_0_e6f1ee6215857cc9bb4615b4b8011316.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Банк қызметкеріміз деп сенімге кірген алаяқтар Степногорск қаласының тұрғынын бірнеше кредит алып, баспанасын сатуға көндірген.17 мамырда Степногорск қаласының полиция басқармасына 38 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, алаяқтарға алданып қалғаны туралы арызтүсірген.Жалпы шығын – 9 миллион 150 мың теңге. Күдіктілер анықталды – олар Павлодар облысының 23 және 24 жастағы екі тұрғыны болып шықты, деп хабарлады Polisia.kz.Олардан екінші деңгейлі банктердің үшінші тұлғаларға рәсімделген 25 картасы мен 10 телефон тәркіленді.Степногорск қаласының полиция басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/618/93/6189309_164:0:1853:1267_1920x0_80_0_0_680fce835efc098e165763fc1a6929f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
Алаяқтар Степногорск тұрғынын кредит алып, пәтерін сатуға көндірген
08:01 26.05.2022 (жаңартылды: 08:03 26.05.2022) НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Банк қызметкеріміз деп сенімге кірген алаяқтар Степногорск қаласының тұрғынын бірнеше кредит алып, баспанасын сатуға көндірген.
17 мамырда Степногорск қаласының полиция басқармасына 38 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, алаяқтарға алданып қалғаны туралы арызтүсірген.
"Жедел тергеу тобы 20 сәуір мен 14 мамыр аралығында белгісіз адамдар банк қызметкеріміз деп алдап, жәбірленушіні бірқатар банктен 3 миллион теңге көлемінде кредит алуға көндіргенін анықтады. Сонымен қатар қаскүнемдер арызданушыны пәтерін сатып, ақшаны өздеріне аударуға мәжбүрлеген", - дейді полицейлер.
Жалпы шығын – 9 миллион 150 мың теңге. Күдіктілер анықталды – олар Павлодар облысының 23 және 24 жастағы екі тұрғыны болып шықты, деп хабарлады
Polisia.kz.Олардан екінші деңгейлі банктердің үшінші тұлғаларға рәсімделген 25 картасы мен 10 телефон тәркіленді.
Степногорск қаласының полиция басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.