https://sputnik.kz/20220525/zhasyl-tekhnologiyalar-ortalygy-memleket-25064374.html
Халықаралық жасыл технологиялар орталығы мемлекет меншігіне қайтарылды
Халықаралық жасыл технологиялар орталығы мемлекет меншігіне қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Экологиялық ұйымдар қауымдастығы ұйымның акцияларын сыйға тарту шарты бойынша берді 25.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-25T14:19+0500
2022-05-25T14:19+0500
2022-05-25T14:19+0500
үкімет
акциялар
әлия назарбаева
https://sputnik.kz/img/939/54/9395457_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_66dc2f083efd4c9ae148d19af1776e41.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының акциялары мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.Үкімет тиісті қаулыны қабылдады.Орталық 2018 жылдың сәуірінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған ең озық қолжетімді технологиялар қағидаттарын енгізу арқылы жасыл технологияларды ілгерілету және бизнесті қолдау мақсатында құрылды.2018 жылғы желтоқсанда 50 пайыз + 1 акция тікелей атаулы сату арқылы "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ-ға берілді.Осылайша, акциялар пакетінің 100%-і экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басқаруымен мемлекет меншігінде болады.Еске сала кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының президиумынан кеткен болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/939/54/9395457_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_a1da72ffb7e7db0545026ef0cde902f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, акциялар, әлия назарбаева
үкімет, акциялар, әлия назарбаева
Халықаралық жасыл технологиялар орталығы мемлекет меншігіне қайтарылды
Экологиялық ұйымдар қауымдастығы ұйымның акцияларын сыйға тарту шарты бойынша берді
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының акциялары мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Үкімет тиісті қаулыны қабылдады.
"Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының жалпы пакетінің 50 процентін + 1 акциясын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын", — делінген қаулы мәтінінде.
Орталық 2018 жылдың сәуірінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған ең озық қолжетімді технологиялар қағидаттарын енгізу арқылы жасыл технологияларды ілгерілету және бизнесті қолдау мақсатында құрылды.
2018 жылғы желтоқсанда 50 пайыз + 1 акция тікелей атаулы сату арқылы "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ-ға берілді.
Осылайша, акциялар пакетінің 100%-і экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басқаруымен мемлекет меншігінде болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының президиумынан кеткен болатын.