Өңірлер

Жаңбыр, бұршақ, найзағай: синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

© Sputnik / Тимур БатыршинДождь, архивное фото
Дождь, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күн жаңбырлы болады
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазгидромет 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күн жаңбырлы болады.
Екатеринбург аймағынан шыққан циклон, республика аумағы бойынша солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райын сақтайды. Осылайша жаңбыр жауады.
26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта, сонымен қатар бұл аймақта найзағай мен желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін.
Содан кейін солтүстік- батыс антициклонның басып кіруіне байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы, қалған аумақтарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Жаңалықтар
0