Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

© AP Photo / John RaouxНа месте стрельбы в Орландо
На месте стрельбы в Орландо - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Жазылу
Қазақстан президенті Техас штатындағы қанды оқиғаның салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының президенті Джозеф Байденге Техас штатының Увальде қаласындағы Робб бастауыш мектебінде болған атыс салдарынан мектеп оқушылары мен басқа да азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Мен техастықтардың және сіздің барлық отандасыңыздың қайғысына ортақтасамын", – делінген Қазақстан президентінің жеделхатында.

Техастағы трагедия

25 мамыр күні таңертең Техас штатының Ювалд қаласында қаскүнем мектеп оқушылары мен мұғалімдерге оқ атқан. Салдарынан 18 бала мен үш ересек адам қаза тапты.
Полиция қаскүнемнің – 18 жастағы жергілікті тұрғынның көзін жойды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол мектепке шабуыл жасамас бұрын әжесін өлтірген.
Ювалд қаласы Техас штатының оңтүстік бөлігінде орналасқан, елді мекенде 15 мыңнан астам адам тұрады.
Жаңалықтар
0