https://sputnik.kz/20220525/sarapshylar-zhylzhymaytyn-mulik-baga-25070762.html
Сарапшылар жылжымайтын мүлік нарығында баға неліктен төмендемейтінін түсіндірді
Сарапшылар жылжымайтын мүлік нарығында баға неліктен төмендемейтінін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы дүрбелең басылды, бірақ әзірге бағаның төмендеуіне алғышарт жоқ. Sputnik Қазақстан... 25.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-25T17:18+0500
2022-05-25T17:18+0500
2022-05-25T17:18+0500
тұрғын үй
баға
баспана
https://sputnik.kz/img/606/52/6065251_0:28:1921:1108_1920x0_80_0_0_1ee261974c96a1ecb58cda651f563e75.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы дүрбелең басылды, бірақ әзірге бағаның төмендеуіне алғышарт жоқ. Sputnik Қазақстан агенттігінің баспасөз орталығында өткен брифингте сарапшылар осындай пікір білдірді.Сонымен қатар ол таяу болашақта баға айтарлықтай төмендемейді деп болжады."Бағаның төмендейтіні туралы болжам жоқ. Өйткені қазір, әсіресе осындай қиын кезеңде жылжымайтын мүлік көптеген адам үшін ең құнды қорғаныш активтерінің бірі болып қала береді, ал тұрғын үйдің құны инфляциямен бірге төмендемейді", - деді ол.Сонымен қатар баспана тапшылығы бірден жойыла қоймайды. Елімізде шамамен 130 миллион шаршы метр тұрғын үй салынуы қажет.Қаржы сарапшысы Жеңіс Шәріпұлы әріптесінің пікірімен келісті."Алғашында зейнетақы жинағын пайдалануға байланысты бағаның өскені түсінікті, ол өткен жылы басталып, биылғы жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасты. Иә, қазір сатып алу-сату мәмілелерінің көлемі азайғанын айтып жатырмыз, бірақ бұл ештеңеге әсер етпейді. Өйткені жылжымайтын мүлік нарығына әсер ететін басқа да факторлар бар", - деді Шәріпұлы.Ол көптеген факторды, соның ішінде жылжымайтын мүлікке сұраныстың төмендеуін талдау негізінде осындай қорытындыға келгенін атап өтті.Құрылыс нарығы – инфляция деңгейі бойынша өте сезімтал сала."Егер инфляциясыз сұраныс өссе, мысалы 2008 жылы солай болды, онда баға төмендеуші еді. Бірақ қазір барлық тауар мен қызмет, соның ішінде құрылыс материалдары қымбаттап жатқан кезде тұрғын үй арзандамайды. Арматура құны екі есе өсті, әйнек қымбаттады, т.б.", - деді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/606/52/6065251_202:0:1717:1136_1920x0_80_0_0_cadd4107c9e69ac16a9a299e0d10cc8b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй, баға, баспана
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы дүрбелең басылды, бірақ әзірге бағаның төмендеуіне алғышарт жоқ.
Sputnik Қазақстан агенттігінің баспасөз орталығында өткен брифингте сарапшылар осындай пікір білдірді.
"Тұрғын үй құны төмендемейді. Сәуір айында баға инерция бойынша орташа есеппен 2%-ке өсуді жалғастырды. Өңірлерге байланысты өсім қарқыны әртүрлі болды. Бір жерде өсім тоқтап, бір жерде жалғасты (Нұр-Сұлтан, Ақтау, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Қызылорда, Өскемен, Петропавл және Тараз). Бұл үрдіс мамыр айында бұдан да қатты байқалып, өсімнің едәуір баяулағанын байқаймыз деген ойдамын", - деді жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Анна Шатская.
Сонымен қатар ол таяу болашақта баға айтарлықтай төмендемейді деп болжады.
"Бағаның төмендейтіні туралы болжам жоқ. Өйткені қазір, әсіресе осындай қиын кезеңде жылжымайтын мүлік көптеген адам үшін ең құнды қорғаныш активтерінің бірі болып қала береді, ал тұрғын үйдің құны инфляциямен бірге төмендемейді", - деді ол.
Сонымен қатар баспана тапшылығы бірден жойыла қоймайды. Елімізде шамамен 130 миллион шаршы метр тұрғын үй салынуы қажет.
Қаржы сарапшысы Жеңіс Шәріпұлы әріптесінің пікірімен келісті.
"Алғашында зейнетақы жинағын пайдалануға байланысты бағаның өскені түсінікті, ол өткен жылы басталып, биылғы жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасты. Иә, қазір сатып алу-сату мәмілелерінің көлемі азайғанын айтып жатырмыз, бірақ бұл ештеңеге әсер етпейді. Өйткені жылжымайтын мүлік нарығына әсер ететін басқа да факторлар бар", - деді Шәріпұлы.
Ол көптеген факторды, соның ішінде жылжымайтын мүлікке сұраныстың төмендеуін талдау негізінде осындай қорытындыға келгенін атап өтті.
"Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда инфляция жоғарылады – ресми мәлімет бойынша бұл көрсеткіш жылына шамамен 8%, бірақ біз пандемия басталғаннан бері 30%-тен асып кеткенін сезініп отырмыз. Тіпті сұраныс төмендегеннің өзінде, жеткіліктілік шегін ұлғайтқаннан кейін баға төмендейді деп болжай алмаймыз. Өйткені бұл жоғары инфляцияға байланысты", - деп атап өтті сарапшы.
Құрылыс нарығы – инфляция деңгейі бойынша өте сезімтал сала.
"Егер инфляциясыз сұраныс өссе, мысалы 2008 жылы солай болды, онда баға төмендеуші еді. Бірақ қазір барлық тауар мен қызмет, соның ішінде құрылыс материалдары қымбаттап жатқан кезде тұрғын үй арзандамайды. Арматура құны екі есе өсті, әйнек қымбаттады, т.б.", - деді ол.