https://sputnik.kz/20220525/resey-ukraina-rubezhnoe-zhagday-kurdeli-25090728.html
Рубежное қаласының қазіргі жай-күйі
Рубежное қаласының қазіргі жай-күйі
Sputnik Қазақстан
Қиратылған ғимараттар, жарылмаған снарядтар, талқаны шыққан аулалар – Луганск күштері ресейлік әскердің қолдауымен Рубежное қаласының стратегиялық маңызды... 25.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-25T17:02+0500
2022-05-25T17:02+0500
2022-05-26T13:30+0500
ресей
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
/i/logo/logo-social.png
РИА Новости Рубежное тұрғындарының қазіргі ахуалы туралы жазды.40-шы жылдардың соңына қарай неміс және итальян тұтқындары салған Победители даңғылы жермен-жексен болды. Азат етуші жауынгерлерге арналған ескерткіш пен Пионерлер сарайы ғана аман қалған."Бұл ең көрнекі аудандардың бірі болатын, - дейді Татьяна есімді жергілікті тұрғын. – Пәтерлері кең, қабырғалары биік, аттракциондар мен бау-бақша көп еді. Ал қазір бұралқы ит пен мысық паналайтын қирандыларға айналды".Көрші жатқан Хмельницкий көшесіндегі аулада бір ғажаппен кептерхана бүлінбеген күйі бүтін қалды. "Соғысқа дейін менде 150 құс бар еді, ал қазір неебәрі жиырмаға жуық, - дейді зейнеткер Валентина. – Күні кеше құстарға азық беріп жатқанымда, снаряд ұшып жетті. Дәл төбемнен ұшты".Он метр қашықтықта жаңа қазылған бес зират тұр. Оның бірінде төрт адам – 10 және 11 жастағы екі бала, ер адам және егде жастағы әйел жатыр. Қайтыс болған балалардың анасы ғана болатын. Сәуірдің соңында ол су алып келуге кетерінде көршілерінен балаларға қарай тұруын сұраған. Артында тұрғын үй орамы оқтың астында қалып, снаряд тура пәтерге түскен. Марқұмдарды жерлеуге басқа көршілер көмектескен."Балалардың анасы оралмады, - дейді сол үйде тұратын Олеся. - Оның тағдыры туралы ешкім білмейді. Ол да артиллериялық оққа ұшқан шығар деп ойлаймыз".Қала тұрғындарының көбі көрші жатқан Старобельсктегі босқындарды уақытша орналастыру орындарына кетіп қалды. Ал кейбірі жақын ауылдардағы достары мен туыстарының үйін паналап жатыр.Победители даңғылындағы өртке қарсы қызметтің бұрынғы ғимаратында Украина Қарулы күштерінің бөлімі орналасқан. Оның кең ауласы өртеніп кеткен әскери техникаларға толы. Кірпіштен салынған екі қабатты ғимарат жартылай қираған. Басты кіру есігінің жанында құм салынған қаптардан құралған бекініс жатыр. Бірінші қабаттағы қабырғаларда түрлі тұлғалардың портреті ілінген. Дәл осы жерде Степан Бандер туралы түрлі брошюралар шашылып жатыр.Жер астында бомбадан қорғануға арналған бөлмелер бар. Мұнда дәліз бен бөлме көп. Душ бөлмесі, дәретхана, қойма, жатын бөлмелер мен қосалқы бөлмелер бар. Еденде кеңестік кезеңге жататын газдан қорғайтын бетперде, көгерткіш қышқыл құйылған ампулалар жатыр. Оның сыртында "1961 жыл" деген жазу бар. Айналада киім-кешек пен азық-түлік шашылып жатыр – кері шегінгендер соңғы күндерді осында өткізген. Олар кетер кезінде шығар есікті миналап тастаған, деп жазады РИА Новости.Жерасты дәліздері арқылы әскери бөлімшеден әлдеқайда ары, соның ішінде "Краситель" химия комбинатының аумағына жетуге болады."Рубежноеда бірнеше ірі кәсіпорын бар, - деп түсіндірді Андрей есімді жергілікті тұрғын. – Оның әрқайсысының астында лабиринт бар. Мысалы, "Заря" комбинатынан қала сыртындағы орманға оп-оңай қашып кетуге болады".Украин әскерилерінің Рубежноедағы соңғы бекініс ауданы дәл осы "Заря" комбинатында болды. Қазір олар қаладан үш километр қашықтықтағы Северодонецкте жатыр. Ол жақтан қала алақандағыдай көрінеді."Бейбіт тұрғындарға оқ атып жатыр, - дейді Андрей. – Неге екені белгісіз. Екі жүз метр жердегі суға барып келуге қорқамын. Ал гуманитарлық көмекке тіпті қол жетпей тұр".Гуманитарлық көмекті 7-ші шағын ауданда таратып жатыр. Барлық дүкен жабық болғандықтан, азық-түлікті тек осы жақтан алуға болады. "Кеше жақын маңда атыс жүрді де, артынша снаряд ұшып келді, - дейді жергілікті резервтегі әскерилер. – Комендатураға бағыттап атты ма, әлде әдеттегідей бей-берекет атты ма, белгісіз".РИА Новости ақпаратынша, оқ ату тоқтамай тұр. Өткен аптада қалада көз жұмғандар саны артты. Оның ішінде балалар да бар. Жер үйлер орамы толығымен қирап қалған. Қиын жағдайға қарамастан, Рубежноеға гуманитарлық көмек өте көп көлемде жеткізілуде. Қала тұрғындары үйлеріне қайтып жатыр. Олар ең қорқыныштысы артта қалғанын айтады.
https://sputnik.kz/20220525/resey-ukraina-azamattyq-25072923.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Рубежное қаласының қазіргі жай-күйі
17:02 25.05.2022 (жаңартылды: 13:30 26.05.2022) Қиратылған ғимараттар, жарылмаған снарядтар, талқаны шыққан аулалар – Луганск күштері ресейлік әскердің қолдауымен Рубежное қаласының стратегиялық маңызды нүктесіне қарай жақындады. Майдан шебіне дейін үш километр қашықтық бар
РИА Новости Рубежное тұрғындарының қазіргі ахуалы туралы жазды.
40-шы жылдардың соңына қарай неміс және итальян тұтқындары салған Победители даңғылы жермен-жексен болды. Азат етуші жауынгерлерге арналған ескерткіш пен Пионерлер сарайы ғана аман қалған.
"Бұл ең көрнекі аудандардың бірі болатын, - дейді Татьяна есімді жергілікті тұрғын. – Пәтерлері кең, қабырғалары биік, аттракциондар мен бау-бақша көп еді. Ал қазір бұралқы ит пен мысық паналайтын қирандыларға айналды".
Көрші жатқан Хмельницкий көшесіндегі аулада бір ғажаппен кептерхана бүлінбеген күйі бүтін қалды. "Соғысқа дейін менде 150 құс бар еді, ал қазір неебәрі жиырмаға жуық, - дейді зейнеткер Валентина. – Күні кеше құстарға азық беріп жатқанымда, снаряд ұшып жетті. Дәл төбемнен ұшты".
Он метр қашықтықта жаңа қазылған бес зират тұр. Оның бірінде төрт адам – 10 және 11 жастағы екі бала, ер адам және егде жастағы әйел жатыр. Қайтыс болған балалардың анасы ғана болатын. Сәуірдің соңында ол су алып келуге кетерінде көршілерінен балаларға қарай тұруын сұраған. Артында тұрғын үй орамы оқтың астында қалып, снаряд тура пәтерге түскен. Марқұмдарды жерлеуге басқа көршілер көмектескен.
"Балалардың анасы оралмады, - дейді сол үйде тұратын Олеся. - Оның тағдыры туралы ешкім білмейді. Ол да артиллериялық оққа ұшқан шығар деп ойлаймыз".
Қала тұрғындарының көбі көрші жатқан Старобельсктегі босқындарды уақытша орналастыру орындарына кетіп қалды. Ал кейбірі жақын ауылдардағы достары мен туыстарының үйін паналап жатыр.
Победители даңғылындағы өртке қарсы қызметтің бұрынғы ғимаратында Украина Қарулы күштерінің бөлімі орналасқан. Оның кең ауласы өртеніп кеткен әскери техникаларға толы. Кірпіштен салынған екі қабатты ғимарат жартылай қираған. Басты кіру есігінің жанында құм салынған қаптардан құралған бекініс жатыр. Бірінші қабаттағы қабырғаларда түрлі тұлғалардың портреті ілінген. Дәл осы жерде Степан Бандер туралы түрлі брошюралар шашылып жатыр.
Жер астында бомбадан қорғануға арналған бөлмелер бар. Мұнда дәліз бен бөлме көп. Душ бөлмесі, дәретхана, қойма, жатын бөлмелер мен қосалқы бөлмелер бар. Еденде кеңестік кезеңге жататын газдан қорғайтын бетперде, көгерткіш қышқыл құйылған ампулалар жатыр. Оның сыртында "1961 жыл" деген жазу бар. Айналада киім-кешек пен азық-түлік шашылып жатыр – кері шегінгендер соңғы күндерді осында өткізген. Олар кетер кезінде шығар есікті миналап тастаған, деп жазады РИА Новости.
Жерасты дәліздері арқылы әскери бөлімшеден әлдеқайда ары, соның ішінде "Краситель" химия комбинатының аумағына жетуге болады.
"Рубежноеда бірнеше ірі кәсіпорын бар, - деп түсіндірді Андрей есімді жергілікті тұрғын. – Оның әрқайсысының астында лабиринт бар. Мысалы, "Заря" комбинатынан қала сыртындағы орманға оп-оңай қашып кетуге болады".
Украин әскерилерінің Рубежноедағы соңғы бекініс ауданы дәл осы "Заря" комбинатында болды. Қазір олар қаладан үш километр қашықтықтағы Северодонецкте жатыр. Ол жақтан қала алақандағыдай көрінеді.
"Бейбіт тұрғындарға оқ атып жатыр, - дейді Андрей. – Неге екені белгісіз. Екі жүз метр жердегі суға барып келуге қорқамын. Ал гуманитарлық көмекке тіпті қол жетпей тұр".
Гуманитарлық көмекті 7-ші шағын ауданда таратып жатыр. Барлық дүкен жабық болғандықтан, азық-түлікті тек осы жақтан алуға болады. "Кеше жақын маңда атыс жүрді де, артынша снаряд ұшып келді, - дейді жергілікті резервтегі әскерилер. – Комендатураға бағыттап атты ма, әлде әдеттегідей бей-берекет атты ма, белгісіз".
РИА Новости ақпаратынша, оқ ату тоқтамай тұр. Өткен аптада қалада көз жұмғандар саны артты. Оның ішінде балалар да бар. Жер үйлер орамы толығымен қирап қалған. Қиын жағдайға қарамастан, Рубежноеға гуманитарлық көмек өте көп көлемде жеткізілуде. Қала тұрғындары үйлеріне қайтып жатыр. Олар ең қорқыныштысы артта қалғанын айтады.