Қоғам

Министрлік аусылға қатысты ақпарат берді

© Пресс-служба акима Туркестанской областиТелята
Телята - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Жазылу
14 қаңтарда Қарағанды облысында аусыл ошағы тіркелген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстанда аусыл бойынша жағдай тұрақты, деп хабарлады ауылшаруышлығы министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, Ақмола және Павлодар облыстарында үй жануарларына жасалған зертханалық зерттеулер кезінде парагрипп-3, нодулярлық дерматит, контагиозды плевропневмония, пастереллез, вирустық диарея және аусыл сияқты аурулар анықталған жоқ.
14 қаңтарда Қарағанды облысында аусыл ошағы тіркелген болатын. Көп ұзамай Шет ауданы Киікті ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруа қожалығына карантин қойылып, байланыста болған барлық жануарлар жойылды, сондай-ақ дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жануарлардың денсаулығын қорғау жөніндегі дүниежүзілік ұйымға аусыл ауруы туралы дереу хабарлады.
"Осыған байланысты Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымы вакцинациясыз аусыл бойынша салауаттылық мәртебесін тоқтатты, ал импорттаушы елдер (Ресей, Қытай, Белоруссия және т.б.) Қазақстаннан тірі жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты экспорттауға қатысты шектеу шараларын енгізді, бұл қазақстандық экспорттаушылардың мүдделік қолдауының (лобби) жоқтығын көрсетті", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметі ауыл шаруашылығы құрылымдарының ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп, аусыл бойынша жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізді.
Айта кету керек, жануарлар ауруы туралы күдік туындаған әр жағдай кезінде ветеринарлық қызметтер аккредиттелген зертханаларда зерттелетін биологиялық материалдың сынамаларын алады.
Ақмола және Павлодар облыстарынан келген ауру жануарларды зертханалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес инфекциялық ринотрахеит орнатылды. Нәтижесінде шектеу іс-шаралары енгізіліп, қазір қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0