Экономика

Мәжіліс салыққа қатысты заң жобасын мақұлдады

© Sputnik / Абзал Калиевархив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Жазылу
Осыған байланысты бірқатар шараларды іске асыру жоспаланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Құжаттың негізгі мақсаты - бюджетке қосымша қаражат тарту және капиталды шетелге шығару тәуекелін азайту.
Осыған байланысты бірқатар шараларды іске асыру жоспаланып отыр.
Олар:
салық салудың сараланған тәсілін қолдана отырып, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың мөлшерлемелерін ұлғайту, жаңа кен орындарын осындай салықты төлеуден босату;
дивидендтер бойынша жеңілдіктердің күшін жою және оларға салық салу, бейрезидент-үлестес тұлғалар көрсеткен материалдық емес қызметтер бойынша шегерімдерді қолдануды шектеу;
цифрлық майнингке салық салу мөлшерлемелерін арттыру;
төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген залалды өтеу кезінде салықтық жеңілдіктер беру мәселелерін реттеуге мүмкіндік беретін нормаларды енгізу;
темекі өнімдеріне акциз ставкаларын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімнің нормаларын іске асыру мақсатында белгілеу;
Үкіметтің ақпараты бойынша заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және ол қабылданған жағдайда теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарларды болжамайды.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, майнинг бойынша сараланған салықты енгізу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, электр энергияның бағасы жоғары болса, салық төмен болады.
Ал энергия арзанға түссе, салықты көбірек төлеуге тура келеді. Сондай-ақ, темекі мен вейптердің акциздерін көтеру жоспарланған.
Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Жаңалықтар
0