https://sputnik.kz/20220525/mazhilis-qarzhy-piramidalary-25061431.html
Мәжіліс қаржы пирамидалары туралы заңды қарастырады: жарнама үшін қандай жаза қолданылады
Мәжіліс қаржы пирамидалары туралы заңды қарастырады: жарнама үшін қандай жаза қолданылады
Sputnik Қазақстан
Қаржы пирамидаларына жарнама жасағаны үшін жазаны күшейту жоспарланып отыр 25.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-25T12:59+0500
2022-05-25T12:59+0500
2023-08-09T17:16+0500
қоғам
заң жобасы
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/62/14196243_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_82de9b90992ed5b8c071e80d76e47282.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған өзгерістерді талқылауға кірісті. Осыған орай, арнайы заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжілістің бүгінгі отырысында қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов 16 қарашаға заң жобасы бойынша қорытынды әзірленетінін жеткізді. Құжаттың негізгі мақсаты - қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл шараларын күшейту және халықты қорғау. Sputnik Қазақстан тілшісі комитет басшысынан заң жобасында қарастырылған жаза туралы сұрады. Оның айтуынша, Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізу арқылы қаржы пирамидаларына жарнама жасағаны үшін жазаны күшейту жоспарланып отыр. Қазіргі жобада басқа адамдарды тарту мақсатанда қаржы пирамидаларына жарнама жасағаны үшін 3 000 айлық есептік көрсеткішке (9 189 000 теңге) дейінгі айыппұл немесе қоғамдық жұмыстар қарастырылған. Ондай әрекет үшін түрмеге де жауып тастауы мүмкін. Ал бірнеше рет және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жасалған тура сондай әрекет үшін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Мерзімі – 2-5 жыл.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/62/14196243_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_511d9de5b20ecefc64c0a21f91e6a56d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заң жобасы, қаржы пирамидасы
заң жобасы, қаржы пирамидасы
Мәжіліс қаржы пирамидалары туралы заңды қарастырады: жарнама үшін қандай жаза қолданылады
12:59 25.05.2022 (жаңартылды: 17:16 09.08.2023) Қаржы пирамидаларына жарнама жасағаны үшін жазаны күшейту жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған өзгерістерді талқылауға кірісті. Осыған орай, арнайы заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің бүгінгі отырысында қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов 16 қарашаға заң жобасы бойынша қорытынды әзірленетінін жеткізді. Құжаттың негізгі мақсаты - қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл шараларын күшейту және халықты қорғау.
Sputnik Қазақстан тілшісі комитет басшысынан заң жобасында қарастырылған жаза туралы сұрады.
Оның айтуынша, Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізу арқылы қаржы пирамидаларына жарнама жасағаны үшін жазаны күшейту жоспарланып отыр.
"Біз заң жобасын енді ғана жұмысқа алдық. Қаржы пирамидаларына жарнама жасағаны үшін жазаны күшейту мәселесін қарастыратын боламыз. Осыған орай, Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізіледі. Жауапкершіліктің бірнеше түрі бар. Қылмыстың ауырлығына қарай 2-5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын енгізу ұсынылып отыр", - деді Құсайынов.
Қазіргі жобада басқа адамдарды тарту мақсатанда қаржы пирамидаларына жарнама жасағаны үшін 3 000 айлық есептік көрсеткішке (9 189 000 теңге) дейінгі айыппұл немесе қоғамдық жұмыстар қарастырылған. Ондай әрекет үшін түрмеге де жауып тастауы мүмкін.
Ал бірнеше рет және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жасалған тура сондай әрекет үшін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Мерзімі – 2-5 жыл.