https://sputnik.kz/20220525/elorda-soltustik-aynalma-zhol-25054952.html
Елордада солтүстік айналма жол учаскесі уақытша жабылды
Елордада солтүстік айналма жол учаскесі уақытша жабылды
Sputnik Қазақстан
Бұл шаралар уақытша болып табылады және айналма жолдағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі 25.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-25T10:43+0500
2022-05-25T10:43+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
жол
астана
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/13/18450539_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_87d13ac5d1fe72ee6831e417a3636f5a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының солтүстік-батыс айналма жолының учаскесінде жөндеу жұмыстарына байланысты автокөліктердің қозғалысы уақытша жабылды, деп хабарлады қалалық әкімдік. Полиция департаменті транзиттік көлік пен жүк көлігінің жүргізушілеріне үлкен айналма жол учаскесі арқылы рұқсат етілген бағыттарды көрсететін ақпараттық тақталарды басшылыққа алуды ұсынады. "Сондай-ақ, "Өндіріс" тұрғын үй массивінің жолдарында апаттық жағдайларды және кептелістердің пайда болуын болдырмау мақсатында "Сергек" камералары орнатылып, жүк көлігінің қозғалысы шектелді. Айта кету керек, ағымдағы жылдың мамыр айында Сусамыр көшесінде "газель" автокөлігімен баланы қағып кеткен, оқиға орнында алған жарақаттары салдарынан жас бала қайтыс болды. Қаламен байланыстыратын негізгі екі жолақты жол Малахов көшесі болып табылады, онда Республикалық маңызы бар үш теміржол өткелі орналасқан, онда көлік жүктемесінің деңгейі рұқсат етілген нормалардан асады. "Жол жүрісі қағидаларына 1-қосымшаның 3-бөлімінің талаптарына сәйкес "Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады" 3.4 жол белгісінің күші белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға, сондай-ақ азаматтарға қызмет көрсететін немесе белгіленген аймақта тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтарға тиесілі көлік құралдарына қолданылмайды", - делінген хабарламада. Сондай-ақ, аталған тұрғын үй алабының тіршілігін қамтамасыз ету үшін жүк көлігінің қозғалысы көзделген. Бұл шаралар уақытша болып табылады және айналма жолдағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/13/18450539_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_b812b7aaf07d48e900f2d8f35eaecbf7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, астана
Елордада солтүстік айналма жол учаскесі уақытша жабылды
10:43 25.05.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Бұл шаралар уақытша болып табылады және айналма жолдағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының солтүстік-батыс айналма жолының учаскесінде жөндеу жұмыстарына байланысты автокөліктердің қозғалысы уақытша жабылды, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Полиция департаменті транзиттік көлік пен жүк көлігінің жүргізушілеріне үлкен айналма жол учаскесі арқылы рұқсат етілген бағыттарды көрсететін ақпараттық тақталарды басшылыққа алуды ұсынады.
"Сондай-ақ, "Өндіріс" тұрғын үй массивінің жолдарында апаттық жағдайларды және кептелістердің пайда болуын болдырмау мақсатында "Сергек" камералары орнатылып, жүк көлігінің қозғалысы шектелді.
"Бұдан басқа, халқы 32 мыңнан асатын "Өндіріс" тұрғын алабы өнеркәсіптік аймақ болып табылмайды. Транзиттік көлік санының көптігіне байланысты тұрғындардан массив аумағындағы жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша қала және аудан әкімдігіне тұрақты түрде шағымдар келіп түсуде", - деп хабарлады әкімдік.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың мамыр айында Сусамыр көшесінде "газель" автокөлігімен баланы қағып кеткен, оқиға орнында алған жарақаттары салдарынан жас бала қайтыс болды.
Қаламен байланыстыратын негізгі екі жолақты жол Малахов көшесі болып табылады, онда Республикалық маңызы бар үш теміржол өткелі орналасқан, онда көлік жүктемесінің деңгейі рұқсат етілген нормалардан асады.
"Жол жүрісі қағидаларына 1-қосымшаның 3-бөлімінің талаптарына сәйкес "Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады" 3.4 жол белгісінің күші белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға, сондай-ақ азаматтарға қызмет көрсететін немесе белгіленген аймақта тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтарға тиесілі көлік құралдарына қолданылмайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, аталған тұрғын үй алабының тіршілігін қамтамасыз ету үшін жүк көлігінің қозғалысы көзделген. Бұл шаралар уақытша болып табылады және айналма жолдағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі.