Достық туралы шарттың 30 жылдығы аталып өтіп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан мен Ресейдің тулары
Қазақстан мен Ресейдің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Осыдан 30 жыл бұрын, 1992 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды, ол Ресей мен Қазақстан үшін берік және ауқымды құқықтық базаның іргелі құжаттарының біріне айналды.
"Бүгінгі таңда Қазақстан Ресейдің ең жақын одақтасы және интеграциялық серіктесі болып саналады, біздің одақтастық қарым-қатынасымыз практикалық мазмұнға толы және қарқынды дамып келеді", - делінген Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің хабарламасында.
Қазақстан мен Ресей арасында тұрақты екіжақты саяси байланыс орнаған. Екі елдің бірлескен күш-жігерінің арқасында Еуразия кеңістігіндегі, ең алдымен ЕАЭО және ҰҚШҰ аясындағы интеграция біртіндеп тереңдей түсуде.
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын құруға бастамашы болды. Ал биылғы жылдың қаңтарында лаңкестік әрекетке қарсы тұру және елдегі тұрақтылықты қалпына келтіру үшін ҰҚШҰ-ның тарихында бірінші болып Ұйымның бітімгершілік күштерін пайдаланды.
"Соңғы жылдары біздің экономикалық байланыстарымыз сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Екіжақты тауар айналымының көлемі тұрақты қарқынмен өсіп, өткен жылы 25,6 миллиард долларға жетті. Қазақстанда жинақталған ресейлік инвестиция 18,8 миллиард долларды, ал Ресейге салынған қазақстандық инвестиция 4,9 миллиард долларды құрайды. Біздің экономикаларымыз бір-бірімен тығыз байланысты, өндірістер жұмыс істеп жатыр, өзара инвестициялар өсуде", - деп мәлімдеді елшілік.
Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын дамытудың негізгі факторларының бірі қарқынды өңіраралық байланыстар болып саналады. Осылайша, елдер арасындағы тауар айналымының шамамен 20%-і шекаралық сауда-саттыққа, ал 70%-і өңіраралық саудаға тиесілі.
"Елдеріміздің жаңа сын-қатерлерге қарсы бір-бірін қолдауға дайындығы пандемия кезінде айқын көрінді. Ресей бауырлас республикаға көмекке келді. Ең қиын кезеңде медициналық қызметкерлер мен гуманитарлық көмек жіберді. Коронавирусқа қарсы ынтымақтастықаясында 2021 жылдың ақпанында Қарағанды ​​фармацевтика кешенінде ресейлік Sputnik V вакцинасы өндіріле бастады", - деп еске түсірді елшілік.
Қазақстан мен Ресей – сан қырлы тығыз байланыстар, халықаралық аренадағы жақын ұстанымдар мен мүдделер біріктіретін көршілес елдер.
Жаңалықтар
0