https://sputnik.kz/20220525/benzinnin-shekti-baga-25073143.html
Вице-министр бензиннің шекті бағасына қатысты сауалға жауап берді
Вице-министр бензиннің шекті бағасына қатысты сауалға жауап берді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда қаңтар оқиғасынан кейін газдың бағасын түсірді. Ал жанар-жағармайға шекті баға енгізілген болатын 25.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-25T18:00+0500
2022-05-25T18:00+0500
2022-05-25T18:00+0500
бензин
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17834892_0:328:3047:2041_1920x0_80_0_0_2026711c1276c10841cb9ff0f0ea0729.jpg.webp
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов жанар-жағармайдың шекті бағасын ұзарту мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 6 қаңтардан бастап 180 күнге мұнай өнімдерінің шекті бағасы енгізілген болатын. Бір литрдің бағасы маркасына қарай 89-260 теңге болуы шарт. 1 шілдеде шекті бағалардың мерзімі аяқталады. Мораторийді ұзарта ма, жоқ па, үкімет те әлі нақты шешімге келген жоқ. Энергетика вице-министрі Асхат Хасеновтың айтуынша, қолға алынған шаралардың нәтижесінде ішкі нарық толығымен қамтамасыз етілді. Барлық зауыт жұмыс істеп тұр. "Шілде айынан бастап жаңа бағалар болады деп айта алмаймын. Жұмыс атқарылып жатыр. Алдымен шекті бағалар мерзімін ұзарту мәселесі қарастырылады. Мәселен, А-92 маркалы бензинді бөлек қарастырып жатырмыз. Себебі халық оны көп алады. Біз есеп-қисап жүргізіп, АИ-92 бойынша мерзімді ұзартатын шығармыз", - деді вице-министр Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында. Оның сөзіне қарағанда, осы саланың барлық қатысушысымен талқылау өткізу керек. Бәрі бір келісімке келгеннен кейін шешім қабылданады. Қазақстанда 1 шілдеге дейін енгізілген жанар-жағармайдың шекті бағалары: - Аи-80 маркалы бензин – 89 теңге; - Аи-92 мен Аи-93 маркалы бензин – 182 теңге; - Аи-95 маркалы бензин – 215 теңге.Дизельді отын (жазғы және маусымаралық):
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17834892_39:0:2770:2048_1920x0_80_0_0_1ae9af0138c8550c1234851dc29cd710.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бензин баға цена гсм
Вице-министр бензиннің шекті бағасына қатысты сауалға жауап берді
Қазақстанда қаңтар оқиғасынан кейін газдың бағасын түсірді. Ал жанар-жағармайға шекті баға енгізілген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов жанар-жағармайдың шекті бағасын ұзарту мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
6 қаңтардан бастап 180 күнге мұнай өнімдерінің шекті бағасы енгізілген болатын. Бір литрдің бағасы маркасына қарай 89-260 теңге болуы шарт. 1 шілдеде шекті бағалардың мерзімі аяқталады. Мораторийді ұзарта ма, жоқ па, үкімет те әлі нақты шешімге келген жоқ.
Энергетика вице-министрі Асхат Хасеновтың айтуынша, қолға алынған шаралардың нәтижесінде ішкі нарық толығымен қамтамасыз етілді. Барлық зауыт жұмыс істеп тұр.
"Шілде айынан бастап жаңа бағалар болады деп айта алмаймын. Жұмыс атқарылып жатыр. Алдымен шекті бағалар мерзімін ұзарту мәселесі қарастырылады. Мәселен, А-92 маркалы бензинді бөлек қарастырып жатырмыз. Себебі халық оны көп алады. Біз есеп-қисап жүргізіп, АИ-92 бойынша мерзімді ұзартатын шығармыз", - деді вице-министр
Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, осы саланың барлық қатысушысымен талқылау өткізу керек. Бәрі бір келісімке келгеннен кейін шешім қабылданады.
Қазақстанда 1 шілдеге дейін енгізілген жанар-жағармайдың шекті бағалары:
- Аи-80 маркалы бензин – 89 теңге;
- Аи-92 мен Аи-93 маркалы бензин – 182 теңге;
- Аи-95 маркалы бензин – 215 теңге.
Дизельді отын (жазғы және маусымаралық):
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары – 260 теңге;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар мен Түркістан облыстары – 230 теңге.