https://sputnik.kz/20220525/atyrau-oblysyn-zhasospirim-soqqy-25049421.html
Атырау облысында жасөспірім аяусыз соққыға жығылды
Атырау облысында жасөспірім аяусыз соққыға жығылды
Sputnik Қазақстан
Ақ халаттылар науқастың ауруханаға түскендегі жағдайы ауыр болғанын айтады 25.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-25T07:27+0500
2022-05-25T07:27+0500
2022-05-25T07:28+0500
қоғам
атырау облысы
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/19/18494688_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_70e64e456bcf968505942290b445e907.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Атырау облысында мектеп оқушысын жоғары сыныптың бірнеше баласы аяусыз ұрып тастаған. Сау-тамтығы қалмаған 15 жастағы жасөспірім қазір ауруханада жатыр, деп хабарлады Астана тв.Келеңсіздік облыс орталығынан 200 шақырым қашықтағы Исатай елдімекенінде болған. Бауыр еті баласының сау-тамтығы қалмаған денесін көрген анасы өзін қоярға жер табар емес. Жасөспірім футбол ойнап жүріп, құлап қалдым деп, болған жайтты анасынан алғашында жасырған. Анасы оның соққыға жығылғанын, аяғын баса алмай қалған кезде бір-ақ білген. Дереу полицияға шағымданып, оқушыны дәрігерлер бірден облыс орталығына алып кеткен. Ақ халаттылар науқастың ауруханаға түскендегі жағдайы ауыр болғанын айтады. Атырау облысытық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Мерғазиеваның айтуынша, балан көптеген жұмсақ тіндер жарақатын алған, соққыдан баланың аяғы, қолы ісініп түскен. Кеуде тұсында да соққы іздері болды.Ұлының денсаулығына алаң анасы, мектеп басшылығының бейқамдығына ашулы. Гүлзада Мұсағалиеваның айтуынша білім ошағы 9-сынып оқушыларының әлімжеттік жасап жүргенін біле тұра көз жұма қараған. "Балалардың жаза алуын, мектеп ұжымының да осыған жеңіл-желпі қарағаны үшін жазалануын талап етемін", - дейді ол. Мектеп басшылығының айтуынша, оқиға сабақтан тыс уақытта болған. 9-сынып оқушылары алдымен сыныптасының үйіне жиналыпты. Соққыға жығылған 8-сынып оқушысы да көбіне осы балалармен бірге жүретін деді. "Балалармен сөйлесіп жатырмыз. "Сөзіне тұрмайды. Уәдесіне тұрмайды. Айтқан сөзінен тайқиды. Сол себепті ұрдық, деп айтты олар. Менің қолымдағы мәлімет бойынша, 9 бала жаңағының ішінде болған. Қарап тұрғаны бар, ұрғаны бар. Бірақ үйіне кеткеннен кейін де ата-ана қарау керек қой", - дейді мектеп директоры Айгүл Әділова. Қазір болған оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабымен іс қозғалды. Дереккөз:
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/19/18494688_24:0:1161:853_1920x0_80_0_0_90b2c82abc81d18321a3146413822312.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, оқушы
Атырау облысында жасөспірім аяусыз соққыға жығылды
07:27 25.05.2022 (жаңартылды: 07:28 25.05.2022) Ақ халаттылар науқастың ауруханаға түскендегі жағдайы ауыр болғанын айтады
НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Атырау облысында мектеп оқушысын жоғары сыныптың бірнеше баласы аяусыз ұрып тастаған.
Сау-тамтығы қалмаған 15 жастағы жасөспірім қазір ауруханада жатыр, деп хабарлады
Астана тв.Келеңсіздік облыс орталығынан 200 шақырым қашықтағы Исатай елдімекенінде болған.
Бауыр еті баласының сау-тамтығы қалмаған денесін көрген анасы өзін қоярға жер табар емес. Жасөспірім футбол ойнап жүріп, құлап қалдым деп, болған жайтты анасынан алғашында жасырған. Анасы оның соққыға жығылғанын, аяғын баса алмай қалған кезде бір-ақ білген.
Дереу полицияға шағымданып, оқушыны дәрігерлер бірден облыс орталығына алып кеткен. Ақ халаттылар науқастың ауруханаға түскендегі жағдайы ауыр болғанын айтады.
Атырау облысытық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Мерғазиеваның айтуынша, балан көптеген жұмсақ тіндер жарақатын алған, соққыдан баланың аяғы, қолы ісініп түскен. Кеуде тұсында да соққы іздері болды.
Ұлының денсаулығына алаң анасы, мектеп басшылығының бейқамдығына ашулы. Гүлзада Мұсағалиеваның айтуынша білім ошағы 9-сынып оқушыларының әлімжеттік жасап жүргенін біле тұра көз жұма қараған.
"Балалардың жаза алуын, мектеп ұжымының да осыған жеңіл-желпі қарағаны үшін жазалануын талап етемін", - дейді ол.
Мектеп басшылығының айтуынша, оқиға сабақтан тыс уақытта болған. 9-сынып оқушылары алдымен сыныптасының үйіне жиналыпты. Соққыға жығылған 8-сынып оқушысы да көбіне осы балалармен бірге жүретін деді.
"Балалармен сөйлесіп жатырмыз. "Сөзіне тұрмайды. Уәдесіне тұрмайды. Айтқан сөзінен тайқиды. Сол себепті ұрдық, деп айтты олар. Менің қолымдағы мәлімет бойынша, 9 бала жаңағының ішінде болған. Қарап тұрғаны бар, ұрғаны бар. Бірақ үйіне кеткеннен кейін де ата-ана қарау керек қой", - дейді мектеп директоры Айгүл Әділова.
Қазір болған оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабымен іс қозғалды.
Дереккөз: