https://sputnik.kz/20220524/utilizatsiyalyq-alym-ministr-25030212.html
Утилизациялық алымның ақшасы қалай жұмсалады - министр есебін айтты
Утилизациялық алымның ақшасы қалай жұмсалады - министр есебін айтты
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, биыл утилизациялық төлемдердің есебінен 690-700 миллиард теңге жиналады деген болжам бар 24.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-24T11:58+0500
2022-05-24T11:58+0500
2022-05-24T11:58+0500
қоғам
көлік
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1a/24468666_0:128:3067:1853_1920x0_80_0_0_50e9470489f5393569662fe288f54939.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев утилизациялық алымнан түсетін қаржының жалпы көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің айтуынша, биыл утилизациялық төлемдердің есебінен 690-700 миллиард теңге жиналады деген болжам бар. Осы орайда журналистер неге 700 миллиард теңгенің 24 миллиарды ғана өңдеуге жұмсалатынын сұрады. Министрдің сөзіне қарағанда, одан бөлек басқа да шығындар бар. "Жеңілдік сертификаттары (ескі көлік тапсыратын аламдарға берілетін ақшалай сертификаттар - Sputnik) бар. Басқа да шығындар бар", - деп атап көрсетті Брекешев.Тілшілер министрге металл өңдеушілердің ұсынысын да жеткізді. Олар ескі көліктерді тегін жоюға дайын. "Шынымен де, ондай ұсыныстар болса, біз талқылауға дайынбыз. Жалпы, қазір тергеу шараларының жүріп жатқанын білесіздер. Біз "Жасыл даму " АҚ-сының Оператор РОП-тан қалған барлық инвестициялық саясатын қайта қарастыруды жоспарлағанбыз. Сондықтан нақты ұсыныстарды қарауға әзірбіз", - дейді Брекешев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1a/24468666_44:0:2773:2047_1920x0_80_0_0_741f47eddb312fed10c08010fdbe4915.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік
Утилизациялық алымның ақшасы қалай жұмсалады - министр есебін айтты
Министрдің айтуынша, биыл утилизациялық төлемдердің есебінен 690-700 миллиард теңге жиналады деген болжам бар
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев утилизациялық алымнан түсетін қаржының жалпы көлемін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жалпы, утилизациялық алымнан түсетін қаржыдан, шамамен, 12 миллиард теңге қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және өңдеуге жұмсалады. Сосын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын утилизациялауға тура сондай сома кетеді", - деді Брекешев журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, биыл утилизациялық төлемдердің есебінен 690-700 миллиард теңге жиналады деген болжам бар. Осы орайда журналистер неге 700 миллиард теңгенің 24 миллиарды ғана өңдеуге жұмсалатынын сұрады.
Министрдің сөзіне қарағанда, одан бөлек басқа да шығындар бар.
"Жеңілдік сертификаттары (ескі көлік тапсыратын аламдарға берілетін ақшалай сертификаттар - Sputnik) бар. Басқа да шығындар бар", - деп атап көрсетті Брекешев.
Тілшілер министрге металл өңдеушілердің ұсынысын да жеткізді. Олар ескі көліктерді тегін жоюға дайын.
"Шынымен де, ондай ұсыныстар болса, біз талқылауға дайынбыз. Жалпы, қазір тергеу шараларының жүріп жатқанын білесіздер. Біз "Жасыл даму " АҚ-сының Оператор РОП-тан қалған барлық инвестициялық саясатын қайта қарастыруды жоспарлағанбыз. Сондықтан нақты ұсыныстарды қарауға әзірбіз", - дейді Брекешев.