https://sputnik.kz/20220524/sklyar-avtokredit-bagdarlamasy-25028505.html
Үкімет автокредит бағдарламасы сәтсіздікке ұшырады дегендерге жауап берді
Үкімет автокредит бағдарламасы сәтсіздікке ұшырады дегендерге жауап берді
Sputnik Қазақстан
Бағдарлама сәтсіздікке ұшыраған жоқ, деді ол 24.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-24T11:20+0500
2022-05-24T11:20+0500
2022-05-24T12:31+0500
қоғам
автокөлік
кредит
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838037_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_b481f7c959caff771e69d661009670c7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 4 проценттік автокредит бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін үкімет отырысынан кейін журналистер өткен аптада басталған автокредит бағдарламасына қатысты мәселені көтерді. Тіпті, ол бастама сәтсіздікке ұшырады деген пікір бар.Осы орайда вице-премьер бұған дейін айтқан сөзін түсіндірді. Скляр бағдарлама шарттарын жариялағанда 100 миллиард теңгеге 71 мыңнан астам адамды көлікпен қамтамасыз етуге болады деген. "Осы ақшаға 10 мың адам автокредит алады. Одан кейін олардың ай сайын жасайтын төлемдері есебінен басқа адамдарға да кредит беріледі. Осылайша, бөлінген қаржы револьверлік жүйемен айналады. Үш айдан кейін қайта қаржыландыру басталады", - деп атап көрсетті Скляр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838037_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_bd512d7a816830c22639594270260a68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, кредит
Үкімет автокредит бағдарламасы сәтсіздікке ұшырады дегендерге жауап берді
11:20 24.05.2022 (жаңартылды: 12:31 24.05.2022) Бағдарлама сәтсіздікке ұшыраған жоқ, деді ол
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 4 проценттік автокредит бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкімет отырысынан кейін журналистер өткен аптада басталған автокредит бағдарламасына қатысты мәселені көтерді.
Тіпті, ол бастама сәтсіздікке ұшырады деген пікір бар.
"Мен онымен үзілді-кесілді келіспеймін. Бағдарлама сәтсіздікке ұшыраған жоқ. 10 мың кредит және 10 мың көлікті халық бәрібір алады. Иә, бір күнде емес, бірақ қысқа уақыттың ішінде болады. Сондықтан бағдарлама сәтсіздікке ұшырады деп айтпай-ақ қояйық", - деді Скляр тішілерге берген сұхбатында.
Осы орайда вице-премьер бұған дейін айтқан сөзін түсіндірді. Скляр бағдарлама шарттарын жариялағанда 100 миллиард теңгеге 71 мыңнан астам адамды көлікпен қамтамасыз етуге болады деген.
"Осы ақшаға 10 мың адам автокредит алады. Одан кейін олардың ай сайын жасайтын төлемдері есебінен басқа адамдарға да кредит беріледі. Осылайша, бөлінген қаржы револьверлік жүйемен айналады. Үш айдан кейін қайта қаржыландыру басталады", - деп атап көрсетті Скляр.