Әлем

Ресей өзінің сыртқы саясатына талдау жүргізуі керек – Косачев

© Photo : Пресс-служба Совета Федерации РФ / Медиабанкке өтуКонстантин Косачев
Константин Косачев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Жазылу
"Россия сегодня" медиа тобының алаңында өткен "Жаңа шынайылықтың жаңа мәні" атты форум барысында ресейлік сарапшылар жаһандық мәселелер мен жақын болашақтағы өзгерістер туралы пікір білдірді
Ресей Федерация кеңесінің вице-спикері Константин Косачев РФ өзінің сыртқы саясатына талдау жүргізіп, посткеңестік кеңістікте белсенді болуы қажет екенін айтты.
"Біз бірыңғай Еуропадан кетуге мәжбүрміз. Құрылуына атсалысқан бірыңғай Еуропа әлі ұзақ уақыт бойы жік-жікке бөлінетін сыңайлы. Сондықтан Ресей посткеңестік кеңістікте белсенді болуы қажет. Сонымен қатар импортты алмастыру бағдарламасын да толық деңгейде аяқтау керек", - деді ол.
Одақтас мемлекеттің бас хатшысы Дмитрий Мезенцев екі іргелес мемлекеттің өзара байланысты арттыруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Беларусь пен Ресейдің ынтымақтастығы Батыстың санкцияларына қатысты қарсы жауап емес. Бұл екі елдің өзара іс-қимылын кеңейту – халықтардың таңдауы. Батыс тарапынан біздің елге жасалып жатқан түрлі қысымға біз импортты алмастыратын жаңа бағдарламалар, өндіріс тізбегінің жаңа құрылымы және жас инженерлік кадрларды тарту сынды іс-қимылмен жауап береміз", - деді Одақ мемлекеттік хатшысы Дмитрий Мезенцев форумда.
Одақтас мемлекет өкілі НАТО өз әскери контингентін шығысқа қарай кеңейтпеу туралы уәдесін орындамағанын да атап өтті.
"Қазір бауырлас халықпен әскери қақтығыс орнағаны өкінішті. Алайда, Батыс НАТО-ны шығысқа қарай кеңейтпейтіні туралы уәдесін орындамады. Өткен жылдың желтоқсанында бөлінбейтін еуропалық және жаһандық қауіпсіздіктің жаңа үлгісін қалыптастыру туралы Ресей президентінің ұсынысы кері қайтарылды", - деді Мезенцев.
Оның пікірінше, Батыс 30 жылдан астам уақыттан бері осы бағытты ұстанып келеді.
Еске салсақ, 24 мамырда Мәскеуде РФ Мемлекеттік Думасы мен Федерация Кеңесі өкілдерінің, блогерлер мен қоғамдық пікір көшбасшыларының, сондай-ақ орталық БАҚ басшылары мен журналистерінің қатысуымен "Жаңа шындықтың жаңа мәні" халықаралық форумы өтті. Форумды "Россия сегодня" медиа тобы ұйымдастырды.
Форум барысында неонацизм, ақпараттық соғыс, адам құқықтарына қатысты қос стандарттарға қарсы күрес, фактчекинг және тарих деректерін бұрмалауға жол бермеу сияқты қазіргі заманның ең өткір мәселелері талқыланды.
Жаңалықтар
0