Қоғам

Қазақстандықтар сирек ажырасатын болды

© Photo : СС0 / Free-PhotosМужчина и женщина
Мужчина и женщина - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Жазылу
Ажырасудың басым бөлігі Алматыда тіркелген, ал Қызылорда облысының тұрғындары сирек ажырасады
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Қазақстанда ажырасу көрсеткіші бір жылда 10,3%-ке қысқарды, деп есептейді сарапшылар.
Биыл бірінші тоқсанында азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының деректері бойынша ажырасулар саны 4,1 мың болды. Ауылдарда ажырасу саны бірден 27,5%-ке, 721-ге дейін, қалаларда-5,5%-ке, 3,4 мыңға дейін қысқарды, деп хабарлайды Ranking.kz.
Ажырасу саны бойынша антилидер Алматы - биыл қаңтар-наурыз айларында 536 ажырасу тіркелді. Екінші орында Алматы облысы - 466 ажырасу, үшінші орында Қарағанды облысы - 417. Қызылорда облысының тұрғындары ең сирек ажырасады: барлығы 69, бір жыл бұрын 97.
Айта кетері, 2021 жылы неке бұзудың 48,2 мың жағдайы тіркелген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,5%-ға артық. Қала тұрғындары арасында 34,8 мың жұп, ауыл тұрғындары арасында 13,4 мың жұп ажырасқан.
Ал 2021 жылы некені рәсімдеу үшін шілде айы көп таңдалды. Тамыз және наурызда неке қиғанар да аз емес.
Жаңалықтар
0