https://sputnik.kz/20220524/qazaqstanda-temirzhol-boyymen-qydyru-25033419.html
Теміржол бойымен "серуендеу" үшін жаза күшейтілуі мүмкін
Теміржол бойымен "серуендеу" үшін жаза күшейтілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Ұлттық тасымалдаушы жол апаты және адам өлімінің жиілеп кетуіне байланысты теміржолдағы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды көбейтуді ұсынды 24.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-24T13:47+0500
2022-05-24T13:47+0500
2022-05-24T13:56+0500
қоғам
теміржол
https://sputnik.kz/img/163/40/1634039_0:190:3649:2242_1920x0_80_0_0_d9dc052e7efd822ead211e9375cbd78e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды. Бұл Әділет министрлігінде қаралып жатыр, деп хабарлады ҚТЖ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Бақытбек Алдажаров.Ұлттық компания теміржол бойымен белгіленбеген жерлерде өтетін адамдарға қатысты әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату мақсатында осындай ұсыныс енгізді."Компанияның ұсынысы бойынша Әділет министрлігінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске айыппұлды ұлғайту бойынша өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылуда", - деді Бақытбек Алдажаров брифингте. 559 - "теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу" және 607 - "теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзу" баптарына өзгеріс енгізу қарастырылған.Ол айыппұлдардың қаншалықты өсетінін нақты айтқан жоқ. Бұл мәселені Әділет министрлігі шешеді.Теміржолдағы тәртіп ережелерін бұзу санын қысқарту үшін ҚТЖ Кодекстің дәл осы тармақтарына өзгерту енгізбек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/163/40/1634039_202:0:3445:2432_1920x0_80_0_0_4542a879d63de6396de12861cda5b378.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол
Теміржол бойымен "серуендеу" үшін жаза күшейтілуі мүмкін
13:47 24.05.2022 (жаңартылды: 13:56 24.05.2022) Ұлттық тасымалдаушы жол апаты және адам өлімінің жиілеп кетуіне байланысты теміржолдағы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды көбейтуді ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды. Бұл Әділет министрлігінде қаралып жатыр, деп хабарлады ҚТЖ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Бақытбек Алдажаров.
Ұлттық компания теміржол бойымен белгіленбеген жерлерде өтетін адамдарға қатысты әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату мақсатында осындай ұсыныс енгізді.
"Компанияның ұсынысы бойынша Әділет министрлігінде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске айыппұлды ұлғайту бойынша өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылуда", - деді Бақытбек Алдажаров брифингте.
559 - "теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу" және 607 - "теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзу" баптарына өзгеріс енгізу қарастырылған.
"Бұл адамдардың заңсыз әрекеті үшін жауапкершілігін арттырады. Сондай-ақ пойыз қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді", - деді атқарушы директор.
Ол айыппұлдардың қаншалықты өсетінін нақты айтқан жоқ. Бұл мәселені Әділет министрлігі шешеді.
Қазір теміржолға бөлінген аумақта мал жаюға 5 АЕК (15 315 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады;
жолдарда бөгде заттарды қалдырғаны үшін – 20 АЕК (61 260 теңге);
теміржолдарда "серуендегені" үшін – 3 АЕК (9 189 теңге);
тыйым салынатын бағдаршам сигналына өткені үшін - 10 АЕК (30 630 теңге) айыппұл.
Теміржолдағы тәртіп ережелерін бұзу санын қысқарту үшін ҚТЖ Кодекстің дәл осы тармақтарына өзгерту енгізбек.