Қоғам

Қазақстанда әрбір үшінші бала көпбалалы отбасында дүниеге келеді

© Photo : pixabay.comБалалар
Балалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Жазылу
Төрт немесе одан да көп бала тәрбиеленетін отбасы көп балалы отбасы болып саналады
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Қазақстанда коронавирусқа байланысты карантиннің арқасында бала туу көрсеткіші артты. Елімізде екінші жыл жаңа туған нәрестелер саны бойынша рекорд жаңартылуда.
2020 жылы 426,8 мың сәби дүниеге келді. 2021 жыл бұл рекорд жағартылды. Жаңа туған нәрестелер саны бірден 446,5 мың балаға жетті, 2020 жылмен салыстырғанда 4,6%-ке артық. "Коронавирусқа дейінгі" 2019 жылдан 11%-ке көп. Биыл үш айда ғана туу туралы 95,6 мың акті тіркелді, яғни 2022 жылы беби-бум жалғасып жатыр, деп хабарлайды Energyprom.kz.
2021 жылы туу коэффициенті де жаңа рекорд орнатты: 23,5, яғни 10 мың қазақстандыққа 235 жаңа туған нәрестеден келеді. Жиырма жыл бұрын коэффициент тек 14,91 болды — бұл халықтың 10 мыңына 149 жаңа туған нәресте деген сөз.
Бұдан басқа, туудың жиынтық коэффициенті 3,32-ге жетті, яғни бір әйелге орта есеппен 3-тен астам бала келеді. Мұндай рекордтық көрсеткіштер Қазақстанда соңғы екі жылда ғана тіркелді. 1999 жылы коэффициент бар болғаны 1,8 болған, яғни әрбір қазақстандық тіпті екінші баланы дүниеге әкелген жоқ.
Бір қызығы, бірден 125,1 мың бала немесе 2021 жылы туған нәрестелердің жалпы санының 28%-ы көп балалы отбасыларда дүниеге келді.
Еске сала кетсек,, Қазақстанда төрт немесе одан да көп бала тәрбиеленетін отбасы көп балалы отбасы болып саналады. Сонымен қатар, он немесе одан да көп баласы бар отбасыларда 95 сәби дүниеге келді.
Жаңалықтар
0