Денсаулық

Қазақстанның үш өңірінде коронавирус жұқтырғандар тіркелді

© AFP 2024 / STRАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Өткен тәулікте, 23 мамырда республика бойынша 4 адамнан коронавирус табылды.
Дәлірек айтқанда, Алматы қаласында - 2, Ақтөбе облысында – бір, Алматы облысында бір адам індетке шалдықты.
22 мамырда алты адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен болатын.
Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 701 адамға жетті.
Қазіргі таңда 9 миллионнан астам қазақстандық вирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын салдырды.
Жаңалықтар
0