https://sputnik.kz/20220524/qazaqstan-kurish-alqaby-25029066.html
Қазақстан күріш алқабының аумағын қысқартты
Қазақстан күріш алқабының аумағын қысқартты
Sputnik Қазақстан
Суды көп мөлшерде қажет ететін дәнді дақыл орнына республикада мақта себу аумағын ұлғайтады 24.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-24T11:36+0500
2022-05-24T11:36+0500
2022-05-24T11:36+0500
экономика
ауыл шаруашылығы
күріш
https://sputnik.kz/img/1438/37/14383733_0:140:3143:1908_1920x0_80_0_0_4e94259db12660befa3f4231fc1739d2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстан 2022 жылы суармалы жерлердегі егіс көлемін 39 мың гектарға қысқартады. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Министр ұсынған дерек бойынша, жоспарланған егістік көлемі 1 миллион 488 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 39 мың гектарға (2,6%) аз. Сондай-ақ алқаптың ақырғы аумағы егіс жұмыстары аяқталған соң нақтыланады. Қарашөкеев елімізде мақта алқабының аумағы 119 мың гектарға ұлғайтылғанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға артық екенін атап өтті. Бұған жоғары сатып алу бағасы ықпал еткен: шикізат мақтаның бір тоннасы 350 мың теңгеден сатылып, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 220 мың теңгеге жоғары болған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазір оңтүстік өңірде суармалы алқаптарда егіс жұмыстары аяқталып жатыр (Жамбыл облысында 100% аяқталды), ал басқа аймақтарда жұмыстар әлі де жүргізілуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1438/37/14383733_206:0:2937:2048_1920x0_80_0_0_5e928ebd8c6716651d4fa53596281780.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, күріш
Қазақстан күріш алқабының аумағын қысқартты
Суды көп мөлшерде қажет ететін дәнді дақыл орнына республикада мақта себу аумағын ұлғайтады
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстан 2022 жылы суармалы жерлердегі егіс көлемін 39 мың гектарға қысқартады. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
Министр ұсынған дерек бойынша, жоспарланған егістік көлемі 1 миллион 488 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 39 мың гектарға (2,6%) аз. Сондай-ақ алқаптың ақырғы аумағы егіс жұмыстары аяқталған соң нақтыланады.
"Суды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жалғасып жатыр. Осыған байланысты 2021 жылмен салыстырғанда күріш егістігінің көлемі 8,7 мың гектарға қысқарады деп күтілуде. Оның ішінде Қызылорда облысында – 5,3 мың гектарға, Түркістан облысында – 2,9 мың гектарға және Алматы облысында 0,6 мың гектарға азаяды", - деді ауыл шаруашылығы министрі.
Қарашөкеев елімізде мақта алқабының аумағы 119 мың гектарға ұлғайтылғанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға артық екенін атап өтті. Бұған жоғары сатып алу бағасы ықпал еткен: шикізат мақтаның бір тоннасы 350 мың теңгеден сатылып, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 220 мың теңгеге жоғары болған.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазір оңтүстік өңірде суармалы алқаптарда егіс жұмыстары аяқталып жатыр (Жамбыл облысында 100% аяқталды), ал басқа аймақтарда жұмыстар әлі де жүргізілуде.