https://sputnik.kz/20220524/qaru-zharaq-qylmystyq-toptar-uqk-25041174.html
Шекарада 632 құқық бұзушы ұсталды – ҰҚК
Шекарада 632 құқық бұзушы ұсталды – ҰҚК
Sputnik Қазақстан
Ермек Сағымбаев президентке есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымына тосқауыл қоюға бағытталған шаралар туралы баяндады 24.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-24T17:12+0500
2022-05-24T17:12+0500
2023-08-09T09:35+0500
қару-жарақ
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/old/664/29/6642949_0:38:1024:614_1920x0_80_0_0_61f57733f5fae29396126f79b62ced60.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның осы айда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары, алдағы кезеңге арналған міндеттері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлықты жүзеге асыру шаралары туралы есеп берілді.Мемлекет басшысына берілген мәліметтерге сәйкес, атқарылған іс-шаралар нәтижесінде бірқатар халықаралық және аймақтық есірткі таситын жолдар жабылды, заңсыз айналымдағы 15 келіден астам психотроптық заттар мен 4 тонна прекурсор тәркіленді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатумен айналысқан қылмыстық топтардың әрекетінің жолы кесіліп, жасырын қоймалар анықталды.Терроризмге қарсы орталық штабтың жауынгерлік дайындық деңгейін сақтау үшін 3 командалық-штабтық және 29 жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Ел шекарасын күзету барысында 632 құқық бұзушы ұсталды. Сонымен қатар Каспийде 11 шақырымнан астам браконьерлік құрал тәркіленді.Құны 230 миллион теңгеден асатын валюта мен алтынның, 77,9 миллион теңге болатын тауарлардың және 2,5 миллион теңге көлеміндегі жанар-жағармайдың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды.Сонымен қатар мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы, соның ішінде негізгі жедел қызметтерге ел басшылығының тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және осы саладағы қызметтің тиімділігін арттыратын қажетті құрылымдық өзгерістер енгізу барысы туралы баяндалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/664/29/6642949_59:0:970:683_1920x0_80_0_0_859507302fe3bf69eb72ecacfaf1d20b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қару-жарақ, ұлттық қауіпсіздік комитеті
қару-жарақ, ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекарада 632 құқық бұзушы ұсталды – ҰҚК
17:12 24.05.2022 (жаңартылды: 09:35 09.08.2023) Ермек Сағымбаев президентке есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымына тосқауыл қоюға бағытталған шаралар туралы баяндады
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның осы айда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары, алдағы кезеңге арналған міндеттері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлықты жүзеге асыру шаралары туралы есеп берілді.
"Ермек Сағымбаев президентке ҰҚК органдарының халықаралық лаңкестікке қарсы іс-қимылдары, есірткі мен қару-жарақтың, соның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулардың заңсыз айналымына тосқауыл қоюға, Мемлекеттік шекараларды нығайтуға бағытталған шаралар туралы баяндады", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысына берілген мәліметтерге сәйкес, атқарылған іс-шаралар нәтижесінде бірқатар халықаралық және аймақтық есірткі таситын жолдар жабылды, заңсыз айналымдағы 15 келіден астам психотроптық заттар мен 4 тонна прекурсор тәркіленді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатумен айналысқан қылмыстық топтардың әрекетінің жолы кесіліп, жасырын қоймалар анықталды.
Терроризмге қарсы орталық штабтың жауынгерлік дайындық деңгейін сақтау үшін 3 командалық-штабтық және 29 жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Ел шекарасын күзету барысында 632 құқық бұзушы ұсталды. Сонымен қатар Каспийде 11 шақырымнан астам браконьерлік құрал тәркіленді.
Құны 230 миллион теңгеден асатын валюта мен алтынның, 77,9 миллион теңге болатын тауарлардың және 2,5 миллион теңге көлеміндегі жанар-жағармайдың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды.
Сонымен қатар мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы, соның ішінде негізгі жедел қызметтерге ел басшылығының тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және осы саладағы қызметтің тиімділігін арттыратын қажетті құрылымдық өзгерістер енгізу барысы туралы баяндалды.