Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда газға қосылу ақысы тағы төмендетілуі мүмкін - министр

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области Газ
Газ - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Жазылу
Қазіргі кезде "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясымен келіссөздер басталды
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов астанада газға қосылу бағасын төмендетуге қатысты келіссөздердің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазір астаналықтардың көбісі газға қосылу бағасы қымбат болғаннан кейін қосылмай отыр. Құжатты рәсімдеу мәселесі тағы бар. Бұрын 8 құжат қажет болған. Қазір біз оны төртке дейін қысқартып отырмыз", - деді Ақшолақов журналистерге берген сұхбатында.
Қазіргі кезде "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясымен келіссөздер басталды. Соның нәтижесінде газға қосылу ақысы тағы төмендетілуі мүмкін. Ол үшін компания бірқатар шығындарды өз мойнына алуға тиіс.
"Қазір нақты айту қиын. Бірақ, кем дегенде, екі есеге төмендеуі мүмкін, я болмаса, одан да көп. Бірақ оны әлі зерттеу керек. Қазір айтуға құқық жоқ, шешілмеген заттар", - деп атап көрсетті Ақшолақов.
Айта кетері, бүгін үкімет басшысы Әлихан Смайылов елорда әкімінен астаналықтардың газға не себепті қосылмай отырғанын сұрады.
Ресми мәліметке сәйкес, астанада 14 мың абонентке газ тартылды. Алайда олардың ішінде 3 мың адам ғана көгілдір газдың игілігін көріп отыр.
Жаңалықтар
0