https://sputnik.kz/20220524/mal-sharuashylygy-subsidiya-25040457.html
Мал шаруашылығын субсидиялауға 124,6 млрд теңге жұмсалады
Мал шаруашылығын субсидиялауға 124,6 млрд теңге жұмсалады
Sputnik Қазақстан
Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің құнын арзандатуға 56,4 миллиард теңге бөлінді 24.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-24T21:22+0500
2022-05-24T21:22+0500
2022-05-24T21:22+0500
мал шаруашылығы
субсидиялар
https://sputnik.kz/img/1137/46/11374614_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_76b422b39bb277b383d6257bf4a7d6d6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. 2022 жылы мал шаруашылығын субсидиялауға 124,6 миллиард теңге жұмсалады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.Сонымен қатар республикалық бюджет комиссиясының шешімімен мал шаруашылығын субсидиялауға 24,5 миллиард теңге сомасында қосымша қаражат бөлу туралы тапсырыс мақұлданды."Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялардың жалпы көлемінен 68,2 миллиард теңге бағытталды. Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің құнын арзандатуға 56,4 миллиард теңге бөлінді. Мемлекеттік қолдау шараларымен 35 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қамтылады", - деп түсіндірді министрлік.2021 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға әкімдіктер 108,1 миллиард теңге бағыттады, республикалық бюджеттен қосымша 13,6 миллиард теңге бөлінді.Осылайша мал шаруашылығын дамытуға 121,7 миллиард теңге бағытталды, оны 35 мың АӨК субъектілері алды, оның 70% астамы шағын және орта шаруашылықтар.2021 жылдың жазында ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын сақтау мақсатында жемшөп сатып алу құнын арзандатуға үкімет резервінен Маңғыстау облысына 1,2 миллиард теңге, Қызылорда облысына 1,7 миллиард теңге бөлінген болатын.Қосымша Маңғыстау облысына үкімет резервінен 663,8 миллион теңге бөлінді.Жалпы, биыл АӨК субсидиялаудың жалпы көлемі 449 миллиард теңгені құрайды, бұл 2021 жылғы деңгейден 20% артық. Қаражат мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын субсидиялауға, инвестициялық субсидиялауға және кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1137/46/11374614_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_aaab2d558786579509bfad05cfd86c1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мал шаруашылығы, субсидиялар
мал шаруашылығы, субсидиялар
Мал шаруашылығын субсидиялауға 124,6 млрд теңге жұмсалады
Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің құнын арзандатуға 56,4 миллиард теңге бөлінді
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. 2022 жылы мал шаруашылығын субсидиялауға 124,6 миллиард теңге жұмсалады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілетін ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің 45% мал шаруашылығына тиесілі. 2022 жылы мал шаруашылығын субсидиялауға шамамен 124,6 124,6 миллиард теңге бағытталады. Бұл салада субсидиялаудың 30-ға жуық бағыты қарастырылады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар республикалық бюджет комиссиясының шешімімен мал шаруашылығын субсидиялауға 24,5 миллиард теңге сомасында қосымша қаражат бөлу туралы тапсырыс мақұлданды.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялардың жалпы көлемінен 68,2 миллиард теңге бағытталды. Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің құнын арзандатуға 56,4 миллиард теңге бөлінді. Мемлекеттік қолдау шараларымен 35 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қамтылады", - деп түсіндірді министрлік.
2021 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға әкімдіктер 108,1 миллиард теңге бағыттады, республикалық бюджеттен қосымша 13,6 миллиард теңге бөлінді.
Осылайша мал шаруашылығын дамытуға 121,7 миллиард теңге бағытталды, оны 35 мың АӨК субъектілері алды, оның 70% астамы шағын және орта шаруашылықтар.
2021 жылдың жазында ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын сақтау мақсатында жемшөп сатып алу құнын арзандатуға үкімет резервінен Маңғыстау облысына 1,2 миллиард теңге, Қызылорда облысына 1,7 миллиард теңге бөлінген болатын.
Қосымша Маңғыстау облысына үкімет резервінен 663,8 миллион теңге бөлінді.
Жалпы, биыл АӨК субсидиялаудың жалпы көлемі 449 миллиард теңгені құрайды, бұл 2021 жылғы деңгейден 20% артық. Қаражат мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын субсидиялауға, инвестициялық субсидиялауға және кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталады.