КамАЗ жүргізушісі кабинадан құлаған жолаушыны басып кетті

© Sputnik / СтрингерКамАЗ, архивтегі фото
КамАЗ, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Жазылу
КӨКШЕТАУ, 24 мамыр – Sputnik. Ақмола облысында жолаушы жүріп бара жатқан жүк көлігінен құлап, көз жұмды. Полицейлер тергеуді бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Трагедия Сандықтау ауданында болған. Оқиға орнында 48 жастағы ер адам көз жұмды.
"Ауыл шаруашылығы кәсіпорнының жұмысшысы "КамАЗ" маркалы көліктің жолаушы жағында отырған. Мәдениет ауылының жанынан өтіп бара жатқанда кабинадан құлап, артқы доңғалақтардың астына түскен. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - дейді облыстық полиция департаментінің мамандары.
Қазіргі кезде тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Жолаушының қалай құлағаны әзірше белгісіз. Рөлде 25 жастағы ер адам болған.
Сандықтау аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Айта кетері, бұл бапта бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0