https://sputnik.kz/20220524/dmitriy-kiselev-khalyqaralyq-forumda-soz-soyledi--25053193.html
Дмитрий Киселев халықаралық форумда сөз сөйледі
Дмитрий Киселев халықаралық форумда сөз сөйледі
Sputnik Қазақстан
"Жаңа шынайылықтың жаңа мәні" атты форум барысында ресейлік сарапшылар жаһандық мәселелер мен жақын болашақтағы өзгерістер туралы пікір білдірді 24.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-24T18:29+0500
2022-05-24T18:29+0500
2022-05-25T14:08+0500
ресей
әлем
https://sputnik.kz/img/1148/07/11480732_0:36:3119:1790_1920x0_80_0_0_5434a46e5c21df1c9842b4e9fbba7399.jpg
"Россия сегодня" Халықаралық медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев "Жаңа шындықтың жаңа мәні" форумы әлем алдында туындаған қазіргі өзекті проблемаларды шешудің жаңа әдістерін қарастыратынын атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости. Ол ақпараттық соғыс белең алып отырған шақта адамзат баласынан ақиқатты жасырмай, әлем алдында туындаған проблемаларды шынайы жариялап, оның шешу жолдарын ұсыну маңызды екенін атап өтті.Форум барысында РФ президенті жанындағы азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңестің төрағасы Валерий Фадеев те сөз сөйледі. Ол қазір адам құқықтарын сақтау жөніндегі құжаттардың күші жоқ екенін атап өтті."Адам құқықтары жөніндегі институттар жұмыс істесе, олар Донбасс халқының құқығын қорғайтын еді. Ал Донбасс халқының құқығын қолға қару алып қорғауға тура келді. Бұл бүгінгі уақытта адам құқығы мен бостандығын қорғау жөніндегі институттардың жұмысына берілген ең әділ баға болып отыр. Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ құжат та жұмыс істеп отырған жоқ", - деді Федеев.Еске салсақ, 24 мамырда Мәскеуде РФ Мемлекеттік Думасы мен Федерация Кеңесі өкілдерінің, блогерлер мен қоғамдық пікір көшбасшыларының, сондай-ақ орталық БАҚ басшылары мен журналистерінің қатысуымен "Жаңа шындықтың жаңа мәні" халықаралық форумы өтті. Форумды "Россия сегодня" медиа тобы ұйымдастырды. Форумның негізгі тақырыптарының қатарында неонацизмге, ақпараттық соғысқа, адам құқықтарына қатысты қос стандарттарға қарсы күрес, фактчекинг және тарих деректерін бұрмалауға жол бермеу сияқты қазіргі заманның ең өткір мәселелері бар.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1148/07/11480732_194:0:2925:2048_1920x0_80_0_0_35381a501dba7a0d49de6e553a800080.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Дмитрий Киселев халықаралық форумда сөз сөйледі
18:29 24.05.2022 (жаңартылды: 14:08 25.05.2022) "Жаңа шынайылықтың жаңа мәні" атты форум барысында ресейлік сарапшылар жаһандық мәселелер мен жақын болашақтағы өзгерістер туралы пікір білдірді
"Россия сегодня" Халықаралық медиа тобының бас директоры Дмитрий Киселев "Жаңа шындықтың жаңа мәні" форумы әлем алдында туындаған қазіргі өзекті проблемаларды шешудің жаңа әдістерін қарастыратынын атап өтті, деп хабарлайды
РИА Новости. "Өзгерістер мен қиындықтар қазіргі ахуалды жете түсініп, оны зерделеп, әлемнің жаңа құрылысын түзу үшін әдістерді қабылдауға итермелейді. Бұл өзгерістер қазір біздің көз алдымызда болып жатыр. "Россия сегодня" медиа тобының бүгінгі форумы дәл осы міндетті қамту үшін жүзеге асырылып отыр", - деді Киселев.
Ол ақпараттық соғыс белең алып отырған шақта адамзат баласынан ақиқатты жасырмай, әлем алдында туындаған проблемаларды шынайы жариялап, оның шешу жолдарын ұсыну маңызды екенін атап өтті.
Форум барысында РФ президенті жанындағы азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңестің төрағасы Валерий Фадеев те сөз сөйледі. Ол қазір адам құқықтарын сақтау жөніндегі құжаттардың күші жоқ екенін атап өтті.
"Адам құқықтары жөніндегі институттар жұмыс істесе, олар Донбасс халқының құқығын қорғайтын еді. Ал Донбасс халқының құқығын қолға қару алып қорғауға тура келді. Бұл бүгінгі уақытта адам құқығы мен бостандығын қорғау жөніндегі институттардың жұмысына берілген ең әділ баға болып отыр. Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ құжат та жұмыс істеп отырған жоқ", - деді Федеев.
Еске салсақ, 24 мамырда Мәскеуде РФ Мемлекеттік Думасы мен Федерация Кеңесі өкілдерінің, блогерлер мен қоғамдық пікір көшбасшыларының, сондай-ақ орталық БАҚ басшылары мен журналистерінің қатысуымен "Жаңа шындықтың жаңа мәні" халықаралық форумы өтті. Форумды "Россия сегодня" медиа тобы ұйымдастырды.
Форумның негізгі тақырыптарының қатарында неонацизмге, ақпараттық соғысқа, адам құқықтарына қатысты қос стандарттарға қарсы күрес, фактчекинг және тарих деректерін бұрмалауға жол бермеу сияқты қазіргі заманның ең өткір мәселелері бар.