https://sputnik.kz/20220524/dariger-as-tuz-almastyra-25024027.html
Дәрігер ас тұзын алмастыратын өнімді атады
Дәрігер ас тұзын алмастыратын өнімді атады
Sputnik Қазақстан
Адам тұзды көп жегенде, оның ағзасы тұз теңгерімін сақтау үшін суды денеде ұстап қалады 24.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-24T09:45+0500
2022-05-24T09:45+0500
2022-05-24T09:45+0500
денсаулық
тұз
https://sputnik.kz/img/07e6/04/05/23992681_0:133:1281:853_1920x0_80_0_0_806fc28bc3fb41f9bd3885f7d134898a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Адам тұзды асты шамадан тыс көп жегенде, оның денесі су тұрақтап қалады да, бұл ісіну және қан қысымының жоғарылауына алып келеді Диетолог Олег Ирышкин Sputnik радиосына берген сұхбатында денсаулыққа зиян келтірмес үшін қандай мөлшерде тұз тұтыну керек екенін және оны қандай өніммен қауіпсіз алмастыруға болатынын айтты. Адам тұзды көп жегенде, оның ағзасы тұз теңгерімін сақтау үшін суды денеде ұстап қалады. Соның салдарынан қан қысымы жоғарылауы мүмкін. Ал бұл инфаркт пен инсульт ықтималдығын арттырады. Медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог дәрігер Олег Ирышкин бұған жол бермеу үшін қабылданған барлық өнім құрамындағы мөлшерді есепке алғанда, күніне бес грамнан аспайтын тұз тұтынуға кеңес береді.Көп азық-түліктің қаптамасында өнімнің құрамындағы тұз мөлшері жазылады. Егер мұндай ақпарат болмаса, онда шамалап есептеуге болады. Тамақтың қалыпты дәмін сақтап, бірақ ас тұзының мөлшерін азайту үшін дәрігер оның әлдеқайда қауіпсіз баламасын тұтынуға кеңес берді. "Тұзды шектеуге немесе орнын алмастыруға болады. Алмастыру үшін кез келген көк шөпті немесе дәмдеуішті қолдануға болады. Сонымен қатар құрамында натрий аз тұзды сатып алған абзал. Себебі тұздың құрамындағы натрий қан қысымын жоғарылатады. Дүкенде калий немесе магний тұзын оңай табуға болады", - деді диетолог.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/05/23992681_69:0:1206:853_1920x0_80_0_0_bf0351754104af77c43b42c0fae010df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұз
Дәрігер ас тұзын алмастыратын өнімді атады
Адам тұзды көп жегенде, оның ағзасы тұз теңгерімін сақтау үшін суды денеде ұстап қалады
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Адам тұзды асты шамадан тыс көп жегенде, оның денесі су тұрақтап қалады да, бұл ісіну және қан қысымының жоғарылауына алып келеді Диетолог Олег Ирышкин Sputnik радиосына берген сұхбатында денсаулыққа зиян келтірмес үшін қандай мөлшерде тұз тұтыну керек екенін және оны қандай өніммен қауіпсіз алмастыруға болатынын айтты.
Адам тұзды көп жегенде, оның ағзасы тұз теңгерімін сақтау үшін суды денеде ұстап қалады. Соның салдарынан қан қысымы жоғарылауы мүмкін. Ал бұл инфаркт пен инсульт ықтималдығын арттырады.
Медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог дәрігер Олег Ирышкин бұған жол бермеу үшін қабылданған барлық өнім құрамындағы мөлшерді есепке алғанда, күніне бес грамнан аспайтын тұз тұтынуға кеңес береді.
"Тұзды тұтыну нормасы – бұл тәулігіне бес грамм. Адамның қан қысымы жоғары болған жағдайда күніне бес граммға дейін тұз жеуге болады. Егер қан қысымы 140 және одан жоғары болса, онда тұтынылатын тұз мөлшері күніне үш граммен шектелуі керек. Тұз тек таза күйінде ғана емес, барлық тұтынылатын ас-тамақтың, нан мен жарма құрамындағы мөлшерін де есепке алу қажет", - деді Олег Ирышкин.
Көп азық-түліктің қаптамасында өнімнің құрамындағы тұз мөлшері жазылады. Егер мұндай ақпарат болмаса, онда шамалап есептеуге болады.
Тамақтың қалыпты дәмін сақтап, бірақ ас тұзының мөлшерін азайту үшін дәрігер оның әлдеқайда қауіпсіз баламасын тұтынуға кеңес берді.
"Тұзды шектеуге немесе орнын алмастыруға болады. Алмастыру үшін кез келген көк шөпті немесе дәмдеуішті қолдануға болады. Сонымен қатар құрамында натрий аз тұзды сатып алған абзал. Себебі тұздың құрамындағы натрий қан қысымын жоғарылатады. Дүкенде калий немесе магний тұзын оңай табуға болады", - деді диетолог.