Саясат

Бішкекте ЕАЭО форумында қандай келісімдерге қол қойылады

© Photo : РixabayҚұжатқа қол қою
Құжатқа қол қою - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Жазылу
Соңғы екі жылда форум коронавирус пандемиясына байланысты өткен жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik.. Еуразиялық экономикалық форум аясында Бішкекте ынтымақтастықтың түрлі саласында 10-ға жуық меморандумға қол қою жоспарлануда. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның жедел штабының басшысы, ЕЭК хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры Данияр Тұрысбеков Sputnik ақпараттық агенттігінің Бішкек — Мәскеу — Минск — Ереван — Нұр-Сұлтан бейнебайланысы барысында хабарлады.
"10-ға жуық құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Айта кетері, бұл коммерциялық құжаттар емес. Мысалы, туристік саланы дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалады. ЖОО аралық консорциум құруға арналған ЕАЭО елдері ЖОО ректорларының кездесуі қорытындысы бойынша жекелеген келісімдерге қол қою жоспарлануда", - деді Тұрысбеков.
Сондай-ақ форумға Еуразия халықтарының Ассамблеясы белсенді қатысады. Еуразиялық экономикалық комиссия 2023-2025 жылдарға арналған жаңа келісімге қол қояды, деп хабарлады Тұрысбеков.
Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасы форум аясында Еуразия халықтары Ассамблеясымен ынтымақтастық туралы келісім жасасуды жоспарлап отыр. ЕАЭО іскерлік кеңесі Н.Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті жанындағы "Технопарк" ғылыми-технологиялық орталығымен келісімге қол қоймақ.
Тұрысбековтың айтуынша, шараға 15 елден 2,5 мыңға жуық адам қатысады.
"Ең алдымен, бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері - Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь бизнес қоғамдастығы өкілдерінің ірі іскерлік топтары. Алыс шетел өкілдеріне келетін болсақ, олар Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия, сондай-ақ Корея мен Венесуэла елдерінен қатысушылар келеді", - деп атап өтті Тұрысбеков.
Ол Бішкек қонақтарды қарсы алуға толық дайын екенін атап өтті. Еуразиялық экономикалық форум 26 мамырда Бішкекте басталады. Өткен екі жылда форум коронавирус пандемиясына байланысты өтпеді.
Бейнебайланыстың толық нұсқасын мына сілтеме бойынша көре аласыз.
Жаңалықтар
0