Енді автобус билетін мобильді қосымша арқылы сатып алуға болады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстанда автобус билеттерін мобильді қосымша арқылы сатып алу сервисі іске қосылды.
Электронды сервис "Автобустар" деп аталады.
"Аталған сервис жол жүру билеттерін алдын ала брондау және сатып алу кезіндегі уақытты айтарлықтай үнемдейді. Сервисті жасаушылар алдағы уақытта жолаушылардың өздері мен жүктерін оқыс оқиғалардан сақтандыру мүмкіндігін енгізуді көздеп отыр", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Қазіргі таңда қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы Нұр-Сұлтаннан Державинск, Константиновка, Наумовка, Степногорск, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Өскемен қалалары мен Моңғолия және Өзбекстан сынды көршілес елдерге де жол жүру құжаттарын сатып алып жатыр.
Айта кетері, алдағы уақытта аталған жобаның шеңберін ұлғайтып, барлық қалааралық және халықаралық бағыттағы маршруттарды ашу жоспарлануда.
Жаңалықтар
0