https://sputnik.kz/20220524/atyrau-zhalgan-tubirtek-kolik-25026464.html
Атырауда жалған түбіртек арқылы автокөлікке VIP нөмір сатып алынған
Атырауда жалған түбіртек арқылы автокөлікке VIP нөмір сатып алынған
Sputnik Қазақстан
Нөмір сатып алудан түскен кірісті есептеу кезінде бюджетке қомақты шығын келтірілгені анықталған 24.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-24T11:09+0500
2022-05-24T11:09+0500
2022-05-24T11:09+0500
қоғам
мемлекеттік нөмірлер
атырау
https://sputnik.kz/img/old/1046/27/10462797_8:0:1373:768_1920x0_80_0_0_c83daa0b20cda2fbff23e9ba844168f1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Атырауда үлкен сұранысқа ие мемлекеттік нөрімлерді сатып алу кезінде жасанды түбіртекті қолданған. Бұл туралы Атырау қаласының прокуратурасы хабарлады. Заң бұзушылықтар құжаттар мен бюджетке түскен нақты қаражатты есептеу барысында анықталған. Прокурорлар бес миллион теңгеден астам қаражат жетіспейтінін анықтады. Атырау қаласының прокуратурасы осы аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлімі және 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1046/27/10462797_178:0:1202:768_1920x0_80_0_0_9ec894479e8023b6818277d11ef7b71f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік нөмірлер, атырау
мемлекеттік нөмірлер, атырау
Атырауда жалған түбіртек арқылы автокөлікке VIP нөмір сатып алынған
Нөмір сатып алудан түскен кірісті есептеу кезінде бюджетке қомақты шығын келтірілгені анықталған
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Атырауда үлкен сұранысқа ие мемлекеттік нөрімлерді сатып алу кезінде жасанды түбіртекті қолданған. Бұл туралы Атырау қаласының прокуратурасы хабарлады.
Заң бұзушылықтар құжаттар мен бюджетке түскен нақты қаражатты есептеу барысында анықталған. Прокурорлар бес миллион теңгеден астам қаражат жетіспейтінін анықтады.
"Нөмірлерді сатып алудан түскен қаражатты бюджет түсімімен салыстырған кезде бес миллион теңгеден астам ақша жетіспейтіні белгілі болды. Яғни, VIP нөмір алғысы келген адамдар төлем туралы жалған түбіртек қолданған. Соның салдарынан мемлекетке шығын келтірілді", - деді бақылаушы орган өкілдері.
Атырау қаласының прокуратурасы осы аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлімі және 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.