Елорда тынысы

Астаналықтар газға неге қосылмай отыр - Көлгінов жауап берді

© Photo : Пресс-служба акима ЮКОархивтегі сурет
архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Жазылу
Қала әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, қазір 14 мыңнан астам абоненттің газға қосылуға мүмкіндігі бар
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елорда әкімінен астаналықтардың газға не себепті қосылмай отырғанын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында нақты статистика жарияланды. Оған сәйкес, астанада 14 мың үйге адамға газ тартылды. Алайда олардың ішінде 3 мың адам ғана көгілдір газдың игілігін көріп отыр.
"Алтай Сейдірұлы, астанада газдандыру қарқыны төмен. Қалада газ 14 мыңға жуық абонентке қолжетімді болғанмен бүгінге дейін қосылған абоненттердің саны, шамамен, 3 мыңдай ғана. Себебі неде?", - деп сұрады Смайылов.
Қала әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, қазір 14 мыңнан астам абоненттің газға қосылуға мүмкіндігі бар.
"Олар Алматы және Сарыарқа ауданында тұрады. Біз жұмысты баяулатып отырған мәселені анықтадық. Мысалы, министрліктің бұйрығына сәйкес, азаматтар газға қосылу үшін 8 құжат тапсыру қажет. Ол құжаттарды рәсімдеу үшін, кемінде, жартыжыл керек. Сондықтан мемлекет басшысының дебюрократизация жарлығы бойынша министрлікпен бірге жұмыс істеп, жиналыс өткіздік. Соның нәтижесінде ұсыныс енгіздік. Оған сәйкес, 8 қажетті құжат екі есеге азаятын болады", - деп атап көрсетті Көлгінов.
Оның сөзіне қарағанда, қазір тағы 6 мың адам газға қосылуға ниетті. Техникалық тапсырысты да алып қойған.
Ал журналистерге сұхбат берген энергетика министрі Болат Ақшолақов халық үшін газға қосылу бағасы да қолбайлау болып отырғанын жеткізді.
Жаңалықтар
0