https://sputnik.kz/20220523/tolquzhattagy-chip-ieleri-24985102.html
Төлқұжаттағы чип арқылы иесін "аңдып" отыра ма - ІІМ жауабы
Төлқұжаттағы чип арқылы иесін "аңдып" отыра ма - ІІМ жауабы
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда микросхемасы бар құжаттар шамамен 13 жыл бойы шығарылады. Ол жеке деректерді сақтауға арналған 23.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-23T12:39+0500
2022-05-23T12:39+0500
2022-05-23T12:39+0500
қоғам
төлқұжат
иесі
https://sputnik.kz/img/983/68/9836877_83:0:2183:1181_1920x0_80_0_0_02e8d13c241a269e5bf72ba777800f48.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың паспорттарынан чип табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді. Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам паспорттан чип табылғанын көрсетеді. Ол азаматтарды аңдуға арналғанын айтады."Электрондық паспорттар әлемнің көптеген елінде енгізілген. Қазақстанда микросхемасы бар паспорттар, сондай-ақ жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Чип азамат туралы дербес деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік береді", - деді брифингте ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.Кейбір қазақстандықтарды таң қалдырған чиптердің болуы көші-қон қызметінде түсіндірілді. Оған әлеуметтік желілердегі бейнеролик себеп болды, онда қазақстандық азаматтардың қадағалауына арналған чип тапты.Микросхемасы бар паспорт электронды жүйелер арқылы шекаралық өткізу пунктердегі өткізуді және паспорттық-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген. Чиптегі ақпарат шекарадан өткенде тек арнайы оқу құрылғылары арқылы көрінетіні айтылып отыр. Еске сала кетсек, желіде ер адам өзінің төлқұжатына тігілген чипті видео арқылы көрсетіп, жұртты таңғалдырған болатын. Ол чиптің көмегімен Қазақстан билігі өз азаматтарын шетелде бақылап отыратынын мәлімдеді. Осыдан кейін кейбір қазақстандықтар ақпараттың растығына көз жеткізу үшін паспорттарын кесіп тексере бастады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/983/68/9836877_526:0:2101:1181_1920x0_80_0_0_46e1977dbc312939ab27632d5b6919ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төлқұжат, иесі
Төлқұжаттағы чип арқылы иесін "аңдып" отыра ма - ІІМ жауабы
Қазақстанда микросхемасы бар құжаттар шамамен 13 жыл бойы шығарылады. Ол жеке деректерді сақтауға арналған
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың паспорттарынан чип табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам паспорттан чип табылғанын көрсетеді. Ол азаматтарды аңдуға арналғанын айтады.
"Электрондық паспорттар әлемнің көптеген елінде енгізілген. Қазақстанда микросхемасы бар паспорттар, сондай-ақ жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Чип азамат туралы дербес деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік береді", - деді брифингте ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Кейбір қазақстандықтарды таң қалдырған чиптердің болуы көші-қон қызметінде түсіндірілді. Оған әлеуметтік желілердегі бейнеролик себеп болды, онда қазақстандық азаматтардың қадағалауына арналған чип тапты.
Микросхемасы бар паспорт электронды жүйелер арқылы шекаралық өткізу пунктердегі өткізуді және паспорттық-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген.
Чиптегі ақпарат шекарадан өткенде тек арнайы оқу құрылғылары арқылы көрінетіні айтылып отыр.
Еске сала кетсек, желіде ер адам өзінің төлқұжатына тігілген чипті видео арқылы көрсетіп, жұртты таңғалдырған болатын. Ол чиптің көмегімен Қазақстан билігі өз азаматтарын шетелде бақылап отыратынын мәлімдеді. Осыдан кейін кейбір қазақстандықтар ақпараттың растығына көз жеткізу үшін паспорттарын кесіп тексере бастады.