Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Әлемде ресейлік Су-57 жойғыш ұшағының баламасы жоқ – әскери сарапшы

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Жазылу
НАТО-ның барлаушы ұшақтары, жердегі радарлары мен ғарыш аппараттарының электр магнитті сәулелерімен қамтылған украин әуе кеңістігінде РФ армиясы технологиялық басымдық мақсатында бесінші буынға жататын ресейлік Су-57 ауыр жойғыш ұшағын қолданып жатыр, деп жазды ресейлік әскери сарапшы Александр Хроленко.
Су-57 ұшағы екі айдан астам уақыттан бері РФ Қарулы күштерінің Украинадағы арнайы операциясы кезінде әскери міндеттерді орындап жатыр. Көзге түсу деңгейі төмен жойғыш ұшақ әуедегі әлеуетті иелену үшін құрылған, ол әуедегі, жердегі және су үстіндегі барлық нысанды жоюға арналған. Украин әуе кеңістігін тәәулік бойы сканерлеп отырған НАТО-ның барлаушы ұшақтарының назарына түспеуге қауқарлы деуге болады.
Жойғыш ұшақ 2400 км/сағ крейсерлік жылдамдықпен бортында 10 тоннаға дейін оқ-дәрі алып жүре алады. Оның қару-жарақ кешенінде "әуе-әуе" және "әуе-жер беті" типіндегі 15 түрлі жаңа зымыран кешені бар. Ұзақ қашықтыққа ұша алатын дәлдігі жоғары зымырандарды қоса алғанда, қару-жарақты көп арналы әрі барлық бағытта қолдану мүмкіндігіне ие. Соғыс жүргізу радиусы – 5500 километр.
"Украинадағы арнайы операция кезінде Ресей Федерациясы әуе-ғарыш күштеріндегі Су-30СМ және Су-35 негізгі жойғыш авиация ұшақтары саналады. Әйткенмен, Су-57 НАТО-ның барлаушы техникасын жоюда, тактикалық әдістерді пысықтауда, жасырын зымыран соққы жасау және "Охотник" С-720 пилотсыз ұшатын ауыр техникамен әскери интеграцияда әлдеқайда тиімді болып табылады. Бүгінде Ресейдің әскери-ғарыш күштері альянс авиациясымен тікелей қақтығысқа дайын болуға мәжбүр, Өйткені америкалық барлау қызметі украин Бас штабына ресейлік әскердің орналасу орындары мен қозғалысы туралы дерек ұсынып жатыр", - деп жазды ресейлік әскери шолушы.
Су-57 жойғыш ұшағы әуедегі және жердегі нысандарды 40 километр қашықтықта анықтап, 62-ге дейінгі нысанды сүйемелдеуге және 50 түрлі қару-жарақ алып жүруге қауқарлы. Кедергілерден жоғары деңгейде қорғалуы түрлі әскердің автоматтандырылған басқару жүйелерімен бірлесіп әрекет етуге мүмкіндік береді.
Жуырда The Military Watch Magazine Су-57 ұшағына арнайы дайындалған "әуе-әуе" санатындағы К-77 тобына жататын ресейлік жаңа зымырандардың мүмкіндіктері туралы жазды. Басылым мәліметі бойынша, 190 километрден астам қашықтықта әрекет ететін К-77 америкалық AIM-120D зымыранынан басым түсетін қауіпті әрі шағын әскери техника болып отыр.
Бұл техника маневрлігі мен дәлдігі жоғары ұзақ қашықтықты қамтыса, фазаланған белсенді антенналы торды бағыттау технологиясы К-77 ұшағын аса экстремальді қашықтықта да тиімді ете алады. Зымыранның радиолокациялық жүйесі өз айналасындағы 360 градуста нысанды қамтуды ауытқымай ұстап тұруға мүмкіндік береді. Су-57 ұшағының конструкциясындағы арнайы жабын әскери әуе көлігін қарсыластың радарларының бақылау аумағына түсуден сенімді қорғайды.
 Терминатор-2 архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей "Терминаторды" қолдана бастады
Ресейдің бесінші буынға жататын жойғыш ұшағының басты ерекшеліктерінің бірі - бақылау және көздеу жүйелерінен ақпаратты гипотезді өңдеуге мүмкіндік беретін, соғыс кезінде ең күрделі міндеттерді шешуге көмектесетін, ұшқышқа жауынгерлік жүктемені азайтатын, оның тактикалық маневрлерді орындауға зейін қоюына мүмкіндік беретін машиналық барлаудың керемет деңгейі.
Хроленконың пікірінше, жасанды интеллект әскери басқару жүйесіне кіріктірілгені сонша, басқарылатын Су-57 жойғыш ұшағы алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша толығымен дербес әрекет ете отырып, автоматты режимде тапсырмалардың 90%-ін орындауға қабілетті.
Соғыс кезінде ұшқыш жарақаттанған немесе қайтыс болған болса, басқару жүйесі басымдықты нысаналарды анықтап, соққы жасайды да, содан кейін ұшақ пен адамның базаға автоматты түрде оралуын қамтамасыз етеді. Ал америкалық F-22 Raptor жойғыш ұшағында әзірше мұндай технологиялық мүмкіндік жоқ болып отыр.
Ұшақтың қозғалтқыштары да мінсіз әскери артықшылықты қамтамасыз етіп тұр – қуат пен үш өлшемді тартқыш күшінің векторы ұзақ және жақын қашықтықтағы шайқаста керемет маневр жасауға мүмкіндік береді. Ресейлік жойғыш ұшаққа аэродромда техникалық қызмет көрсету бойынша тиісті талап деңгейі де қарапайым, ол жедел мақсаттағы аэродромдарға бейімделіп дайындалған. Қуатты және технологиялық тұрғыдан мүмкіндіктерін болжап білу мүмкін емес Су-57 ұшағы ұрыс жағдайында жеңіліске ұшырауға ешқандай мүмкіндік қалдырмайды.
"Батыс агрессиясының негізгі алгоритмі әуедегі сандық және сапалық басымдықты қарастыратынын соңғы уақыттағы қарулы қақтығыс анық айқындап тұр. Алайда СУ-57 жойғыш ұшақтарының әскери басымдығы, ең алдымен, ел қауіпсіздігі, авиация өнеркәсібіндегі технологиялық жетістік пен әлемдік қару-жарақ нарығындағы Ресейдің көшбасшы позициясын сақтау үшін қажет", - деп жазды Хроленко.
Жалпы Су-57 ұшақтары эксперимент түрінде 2018 жылдары Сирияда ресейлік әскер қатарында сәтті әрекет етті. Ол техникалық сипаттамаларын, интеллектуалды ақпараттық-басқару кешенін, зымыран қаруы мен борт жүйесін тексеру үшін ондаған ұшу орындады.
Бесінші буынға жататын Су-57 ұшағының сериялық өндірісі 2020 жылғы желтоқсанда басталды. Жыл сайын 15 машина жығару жоспарда бар. РФ қорғаныс министрлігі 76 ұшаққа тапсырыс берді және бұл тапсырыс 2027 жылдың соңына дейін орындалады деп көзделіп отыр.
Жаңалықтар
0