Спорт

Жас қазақстандық спортшы халықаралық турнирде күміс жүлдені жеңіп алды

© Photo : Федерация настольного тенниса КазахстанаАлан Курмангалиев
Алан Курмангалиев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Жазылу
Алан Құрманғалиев кореялық О Чжун Сунға жол беріп қойды
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Қазақстандық Алан Құрманғалиев Польшада өтіп жатқан "WTT Youth Contender" турнирінде күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үстел теннисі федерациясына сілтеме жасап.
Осы жолы Құрманғалиев 17 жас санатындағы жарыстарға қатысты. Осы топта Джузеппе Каларконы (Италия), Егор Ларковты (Литва), Пётр Гавласты (Польша), Рохелио Кастроны (Мексика), Ли Хоюнді (Корея), Натана Ламаны (Франция) жеңіп, финалға шыққан.
Бірақ кореялық О Чжун Сунға жол беріп қойды.
Бұған дейін Қарағанды қаласының спортшысы Берлинде (Германия) өткен "WTT Youth Contender" турниріне де қатысқан болатын.
15 жастағы спортшылар арасындағы жарыстар кезінде Витель Нойды (Франция), Бастиан Мейерді (Германия) жеңіп, 1/16 финалда кореялық Чой Джиуктен ұтылып қалған. Аланның жаттықтырушысы - Эльмира Әлиева.
Жаңалықтар
0