https://sputnik.kz/20220523/qazaqstan-maymyl-sheshegi-25011298.html
Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған бірде-бір науқас анықталмады – министрлік
Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған бірде-бір науқас анықталмады – министрлік
Sputnik Қазақстан
Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға Батыс Африка елдеріне бармауға кеңес берді 23.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-23T16:22+0500
2022-05-23T16:22+0500
2022-05-23T16:22+0500
маймыл
ауру
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23928668_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_828232a0fcd3b67c23fba34a1eaaf102.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.Мемлекеттік шекара арқылы елге кіретін барлық адам санитарлық-карантиндік бақылаудан өтіп жатыр."Аса қауіпті ауруларды жұқтырды деген күдікке ілінген науқасты мемлекеттік шекарада қашықтықтан термометрия арқылы анықтау іс-шаралары жүргізілуде", - деп атап өтті бас санитар дәрігер - денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.Маймыл шешегінің белгілері қандайМаймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – сирек кездесетін жұқпалы ауру.Инкубациялық кезең – 5-тен 21 күнге дейін созылады. Симптомдары: дене қызуының көтерілуі, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналу.Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, өздігінен емделуге бейім.Маймыл шешек ауруының негізгі көзі жабайы жануарлар: приматтар мен кеміргіштер (тиіндер).Инфекция науқастың қаны немесе оның биологиялық сұйықтықтары арқылы, сондай-ақ ауру жануардың еті арқылы да жұғуы мүмкін.Маймыл шешегі бүгінде Батыс Африка елдерінде кең таралған (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан). Африкада 2016 жылдан бастап, ресми ақпарат көздеріне сәйкес, ауру 20 есе өсті.ДДҰ-ның алдын ала мәліметі бойынша, Африка құрлығынан тыс әлемнің 14 елінде (Испания, Португалия, Ұлыбритания, Бельгия, Канада , Германия, Италия, Австралия, Нидерланды, АҚШ , Израиль, Франция, Швейцария , Швеция) 110 жағдай тіркелген.Бас санитар дәрігер жазғы демалыс және демалыс маусымының басталуына байланысты шет елдерге шығатындар үшін мынадай ұсыныстар береді:1) маймыл шешегі өршіген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) барудан аулақ болыңыз (әсіресе балалармен);2) шет елге шыққан жағдайда жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланыс орнатпау, стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішуден аулақ болу, тамаққа тек термикалық өңделген етті (азық-түлікті) мұқият пайдалану;3) адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика (қашықтық, маскалар, антисептиктер) шараларын пайдаланыңыз, қол гигиенасын сақтаңыз.4) егер сапардан оралғаннан кейін 3 апта ішінде мазасыздық, қызба, бөртпе (қызару, көпіршіктер және т.б.) сезінсеңіз – шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, жақын маңдағы медициналық ұйымға дереу жүгініңіз.
https://sputnik.kz/20220523/belgiya-maymyl-sheshegi-karantin-24978900.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23928668_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_ebea0bfb5eb09e455e8f5ebf473f8b14.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маймыл, ауру
Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған бірде-бір науқас анықталмады – министрлік
Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға Батыс Африка елдеріне бармауға кеңес берді
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Мемлекеттік шекара арқылы елге кіретін барлық адам санитарлық-карантиндік бақылаудан өтіп жатыр.
"Аса қауіпті ауруларды жұқтырды деген күдікке ілінген науқасты мемлекеттік шекарада қашықтықтан термометрия арқылы анықтау іс-шаралары жүргізілуде", - деп атап өтті бас санитар дәрігер - денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.
Маймыл шешегінің белгілері қандай
Маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – сирек кездесетін жұқпалы ауру.
Инкубациялық кезең – 5-тен 21 күнге дейін созылады. Симптомдары: дене қызуының көтерілуі, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналу.
Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, өздігінен емделуге бейім.
Маймыл шешек ауруының негізгі көзі жабайы жануарлар: приматтар мен кеміргіштер (тиіндер).
Инфекция науқастың қаны немесе оның биологиялық сұйықтықтары арқылы, сондай-ақ ауру жануардың еті арқылы да жұғуы мүмкін.
Маймыл шешегі бүгінде Батыс Африка елдерінде кең таралған (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан). Африкада 2016 жылдан бастап, ресми ақпарат көздеріне сәйкес, ауру 20 есе өсті.
ДДҰ-ның алдын ала мәліметі бойынша, Африка құрлығынан тыс әлемнің 14 елінде (Испания, Португалия, Ұлыбритания, Бельгия, Канада , Германия, Италия, Австралия, Нидерланды, АҚШ , Израиль, Франция, Швейцария , Швеция) 110 жағдай тіркелген.
Бас санитар дәрігер жазғы демалыс және демалыс маусымының басталуына байланысты шет елдерге шығатындар үшін мынадай ұсыныстар береді:
1) маймыл шешегі өршіген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) барудан аулақ болыңыз (әсіресе балалармен);
2) шет елге шыққан жағдайда жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланыс орнатпау, стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішуден аулақ болу, тамаққа тек термикалық өңделген етті (азық-түлікті) мұқият пайдалану;
3) адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика (қашықтық, маскалар, антисептиктер) шараларын пайдаланыңыз, қол гигиенасын сақтаңыз.
4) егер сапардан оралғаннан кейін 3 апта ішінде мазасыздық, қызба, бөртпе (қызару, көпіршіктер және т.б.) сезінсеңіз – шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, жақын маңдағы медициналық ұйымға дереу жүгініңіз.