Қоғам

Автокредит бағдарламасы: бір аптаның ішінде қанша көлік берілді

© Sputnik / Владислав Водневавтокредит
автокредит  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Жазылу
Осы уақытқа дейін 14 507 өтінім қабылданды
НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Өнеркәсіпті дамыту қоры автокредит бағдарламасы бойынша бір аптаның ішінде рәсімделген көліктердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашеваның айтуынша, осы уақытқа дейін 14 507 өтінім қабылданды. Соның ішінде 4 834 адамның кредиті мақұлданды.
Ал игерілген қаржының жалпы көлемі 35,7 млрд теңгені құрайды.
"Қазіргі кезде 34 көлік сатып алынды. Басым бөлігі Нұр-Сұлтанда рәсімделді. Ол жерде 11 адам көлігін алып үлгерді", - деді Ибрашева орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұдан бөлек, Алматыда – 4, Ақтөбе облысында – 3, Алматы облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 1, Жамбыл облысында – 4, Павлодар облысында – 4.
Ал Шымкент қаласында 6 көлік жеңілдетілген автокредитпен сатылды.
Айта кетері, осы бағдарламаға 100 миллиард теңге бөлінген болатын. 16 мамырда Банк ЦентКредит өтінім қабылдауды бастады. Артынан оған Еуразиялық банк және Halyk bank қосылды. Бүгін Forte bank өтініш қабылдауды бастайды деген жоспар бар.
20 мамырда Еуразиялық банк жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты.
Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарлама іске қосылған төрт күн ішінде бөлінген мемлекеттік лимит таусылып қалды.
16 мамырдан бері 9 мың өтінім қабылданды. Банк келесі транш бөлінгенде өтінім қабылдауды қайта іске қосатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0