https://sputnik.kz/20220522/qyrgyz-ozbek-shekara-zhol-apaty-video-24973906.html
Қырғыз-өзбек шекарасында жол апатынан 8 адам көз жұмды – видео
Қырғыз-өзбек шекарасында жол апатынан 8 адам көз жұмды – видео
Sputnik Қазақстан
"Чечме" шекара өткізу бекетінде экскаватор тиелген трал тоқтамай, кезекте тұрған көліктерді жайпап өткен 22.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-22T14:29+0500
2022-05-22T14:29+0500
2023-08-10T11:58+0500
қырғызстан
жол апаты
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_0:0:5184:2916_1920x0_80_0_0_f1efef2a6eeada7fed0c383055573e97.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қырғызстан мен Өзбекстанның шекарасында жүк көлігі бірнеше автокөлікке соқтығысып, кезекте тұрған адамдарды басып өтті. Оқиға орнында бес адам көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жетпей, жан тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.Артынан төтенше жағдайлар министрлігі жүк көлігінде болған тағы бір адамның көз жұмғанын хабарлады. Жүргізуші екеуі құтқарушы болып жұмыс істеген. "HOWO 6×4" жүк көлігімен сел болған жерге бара жатқан.Қырғызстан жағында орналасқан "Чечме" шекара өткізу бекетінде экскаватор тиелген трал тоқтамай, алдымен кезекте тұрған көліктерді жайпап өткен. Одан кейін бақылау-өткізу бекетінің жанындағы адамдарды басып кеткен.Милицияның мәліметіне сәйкес, жүк көлігінің тежегіші істемей қалған. Сегіз адам көз жұмды. Олардың ішінде тралдың жүргізушісі де бар.Арнайы техника төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі. Оны Кадамжай ауданындағы Божой ауылына селдің салдарын жоюға жіберген. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.Жол апатынан бес адам жарақат алды. Олардың арасында екі бала бар. Барлығы Айдаркен ауруханасының хирургиялық бөліміне жатқызылды.
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/22/72/227239_576:0:5184:3456_1920x0_80_0_0_fc0946f4fea20485ab867b90afa87ef2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қырғызстан, жол апаты
Қырғыз-өзбек шекарасында жол апатынан 8 адам көз жұмды – видео
14:29 22.05.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) "Чечме" шекара өткізу бекетінде экскаватор тиелген трал тоқтамай, кезекте тұрған көліктерді жайпап өткен
НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қырғызстан мен Өзбекстанның шекарасында жүк көлігі бірнеше автокөлікке соқтығысып, кезекте тұрған адамдарды басып өтті. Оқиға орнында бес адам көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жетпей, жан тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қырғызстан. Артынан төтенше жағдайлар министрлігі жүк көлігінде болған тағы бір адамның көз жұмғанын хабарлады. Жүргізуші екеуі құтқарушы болып жұмыс істеген. "HOWO 6×4" жүк көлігімен сел болған жерге бара жатқан.
Қырғызстан жағында орналасқан "Чечме" шекара өткізу бекетінде экскаватор тиелген трал тоқтамай, алдымен кезекте тұрған көліктерді жайпап өткен. Одан кейін бақылау-өткізу бекетінің жанындағы адамдарды басып кеткен.
Милицияның мәліметіне сәйкес, жүк көлігінің тежегіші істемей қалған. Сегіз адам көз жұмды. Олардың ішінде тралдың жүргізушісі де бар.
Арнайы техника төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі. Оны Кадамжай ауданындағы Божой ауылына селдің салдарын жоюға жіберген. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады.
Жол апатынан бес адам жарақат алды. Олардың арасында екі бала бар. Барлығы Айдаркен ауруханасының хирургиялық бөліміне жатқызылды.